ӘБІШ КЕКИЛБАЕВТЫҢ «ЕЛЕҢ - АЛАҢ» РОМАНЫНДАҒЫ ГЕОПОЭТИКА ЖӘНЕ ТЕҢТҮПНҰСҚАЛЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.038Кілт сөздер:
қазақ әдебиеті, геопоэтика, түпнұсқалылық, Әбіш Кекілбаев, «Елең-алаң», әдебиеттегі кеңістік, постколониалдық дискурс, мәдени бірегейлікАннотация
ГЕОПОЭТИКА ЖӘНЕ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ТҰҒЫМДЫҚ МӘСЕЛЕСІ
(Ә. КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕР» РОМАНЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)
*Р.А. Маткеримова1, А.Қ. Қалиева2
*1 PHD докторант, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
e-mail: raushan_2003@mail.ru
Ұлттық тарихтар жаһандық деңгейде қайта мәнге ие болып отырған қазіргі кезеңде геопоэтика мәдени бірегейліктің қалыптасу үдерісін жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда мәдени бірегейлік «тумысынан» берілген қасиет емес, саналы түрде қалыптасатын көркемдік стратегиялардың нәтижесі ретінде қарастырылады. Қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың тарихи қасіреттер мен ұлттық болмысқа ұмтылыстарды көркем бейнелеген «Елең-алаң» романын геопоэтика тұрғысынан талдау – ұсынылып отырған зерттеудің негізгі жаңалығы.
Зерттеудің мақсаты – романдағы кеңістік түрлерінің түпнұсқалықты қалыптастырудағы рөлін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін кеңістіктің баяндау құрылымындағы белсенділігі туралы Кеннет Уайттың идеяларына, күнделікті тәжірибелер жөніндегі Мишель де Сертоның тұжырымдамасына және әлеуметтік трансформацияларды бейнелейтін кеңістік метафоралары туралы Эдвард Соджаның теориясына сүйенген кешенді геопоэтикалық талдау әдісі қолданылды. Зерттеу барысында табиғи циклдар мен дәстүрлі ғұрыптар негізінде дүниетанымы қалыптасқан кейіпкерлердің Петербордағы Кунсткамераны — империя орталығының жасанды, «музейленген» кеңістігін — бөгде әлем ретінде қабылдайтыны айқындалды. Әдеби образдар, таңбалық белгілер және оқырман қабылдауы аспектілерін қамтыған қосымша талдау нәтижесінде түпнұсқалық бейнесінің тұрақсыз сипаты анықталып, оның тарихи жады, күнделікті тәжірибе және географиялық бейнелер тоғысындағы динамикалық құбылыс екені дәлелденді. Осылайша, романдағы кеңістік тек көркемдік безендіру емес, дағдарыс сәтінде шынайы мәдени болмысты айқындайтын көркемдік құралға айналады.
Зерттеудің теориялық маңызы – постколониалдық мәтіндерді талдауда геопоэтикалық тәсілді қолдану әдіснамасын нақтылауымен және гуманитарлық ғылымдардағы отарсыздандыру бағыттарына назар аудартумен ерекшеленеді. Практикалық маңызы – тарихи сын-қатерлерді бастан өткерген өзге әдеби дәстүрлердегі мәдени бірегейліктің қалыптасу үдерістерін зерттеуде пайдалануға болатын әмбебап талдау моделін ұсынуында.





