БІРІКТІРУ ЖОЛЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ТЕРМИНДЕРДІҢ СӨЗДІКТЕРДЕГІ КӨРІНІСІ (мұнай-химия терминдері негізінде)

Автор(лар)

  • Жонкешов Б.С. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • Карбозова Б.Д.
  • Тасилова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.005

Кілт сөздер:

терминдер, калька, біріккен терминдер, терминжасам, аналитакалық тәсіл, мұнай-химия терминологиясы, біріктіру, тіркестіру

Аннотация

Бұл мақалада екі немесе оданда көп түбірлердің бірігу тәсілі арқылы жасалған мұнай-химия терминдеріне талдау жасалынады.

Қазіргі кезде орыс тілі арқылы енген біріккен терминдердің қатары жыл санап артып келеді. Бұрындары терминдер екі кейде үш түбірдің бірігуі арқылы жасалса, қазіргі кезде үш, тіпті, төрт түбірді біріктіріп термин жасау процесі белең алып отыр. Оның себебі, өзге тілден термин қабылдауда калька тәсілінің жетекші рөл атқаруында. Сонымен бірге өткен ғасырдың елуінші жылдары қабылданған, орыс тіліндегі терминдер қалай таңбаланса, қазақ тілінде де солай таңбалану тиіс деген ереже бүгінгі күндері де өз күшін жоймай отыр. Осы қағидаға сәйкес тілімізге өзге тілден көптеген біріккен терминдер еніп отыр. Осындай ережелер қазақ тілінің төл заңдылықтарына кері әсерін тигізуде.

Мақаланың мақсаты – мұнай-химия терминологиясындағы біріккен сөздермен берілген терминдерді зерттеу, біріздендіру. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әр жылдары жарық көрген сөздіктерге статистикалық талдау жасай отырып, осы мәселе бойынша бүгіндері жарық көрген еңбектерді саралай келе, біріккен терминдердің табиғатын зерделеу, сөздерді біріктіру тәсілдерінің белең алу себептерін анықтау. Өзіндік тұжырымдар шығару.

Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңыздылығы. Күрделі сөздер теориясына арналған еңбектерге ғылыми талдау жасай отырып, қазақ тіліндегі біріккен сөздер теориясын қайта қараудың қажеттігін ұсынады. Қазақ тілі терминологиясында белгілі бір ұғымды атауда сөздерді біріктіру тәсілі арқылы емес, тіркестіру тәсілінің жетекші рөл атқаруы маңызды екендігін дәлелдеуге тырысады. Күрделі терминдерді таңбалауда сингармонизм заңдылығына сүйене отырып, А.Байтұрсынұлының қағидасын басшылыққа алуды ұсынады.

Зерттеу әдіснамасында алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында жұмыста келесідей әдіс-тәсілдер қолданылды: сипаттамалық әдіс, семаникалық топтау әдісі, терминжасамдық талдау әдісі және т.б.

Зерттеу нәтижелерінде жинақталған материалдар мен тұжырымдарды жоғары оқу орындарында арнаулы таңдау пәндерінде, дипломдық және курстық жұмыстарды жазу барысында, академиялық ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құндылығы жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде «Терминология», «Сөзжасам» және т.б. сияқты арнаулы курстарда, сонымен қатар, орфографиялық сөздік түзу ісінде және техникалық мамандықтарға арналған сөздік құрастыруда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-26

Жоба

Раздел

Статьи