Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ «АҚБІЛЕК» РОМАНЫНДА «ҚОРҚЫНЫШ» ПЕН «ҚОРҒАНСЫЗДЫҚ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ВЕРБАЛИЗАЦИЯЛАНУЫ

Автор(лар)

  • Искакова Г.Ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Тансыкбай А.К.
  • Толеутаева А.Г.
  • Шарипов Р.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.007

Кілт сөздер:

концепт, вербализация, қорқыныш, қорғансыздық, «Ақбілек» романы, психологизм, үрей, лексика

Аннотация

Адамдағы психикалық процестердің тіл арқылы білдірілуін зерттеу – тіл біліміндегі өзекті бағыттардың бірі. Бұл тұрғыда жеке тұлғаның ішкі дүниесін және оның шындыққа қатынасын көрсететін эмоционалдық концептілерді зерделеу ерекше маңызға ие. Олардың ішінде «Қорқыныш» концептісі ерекше орын алады, өйткені ол қауіп-қатер, зорлық-зомбылық, белгісіздік және әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында туындайтын негізгі, әмбебап эмоциялардың бірі болып табылады.

Бұл зерттеудің өзектілігі көркем мәтіндегі қорқыныштың вербализациясының тілдік механизмдерін анықтау және сипаттау, рөлін түсіну қажеттілігімен анықталады. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы – осындай зерттеу үшін құнды материал. Бұл қазақ прозасындағы психологизм әдісі белсенді қолданылып, кейіпкердің ішкі жан дүниесі эмоционалды-танымдық күйлер арқылы ашылатын алғашқы туындылардың бірі. Бұл роман аясындағы «Қорқыныш» пен «Қорғансыздық» концептілерін зерттеу қазақ әдеби дәстүрі жайлы түсінікті байытып қана қоймай, көркемдік дискурстың лингвокогнитивтік талдауының дамуына үлес қосады.

Аталған мақалада «Қорқыныш», «Қорғансыздық» эмоционалдық концептілерінің аталмыш романда вербализациялануы когнитивтік-дискурсивті талдау тұрғысынан қарастырылады. Зерттеуде когнитивтік-дискурсивті, контекстік, семантикалық, стилистикалық талдауды қамтитын зерттеу әдістерінің кешені қолданылған.

Талдау нәтижесінде қорқыныштың «маза кету/ діріл», «қорқыныш», «шошу/ қорқу», «мазасыздық», «қорғансыздық» сияқты субконцептілері ажыратылып, олардың тілдік бейнелеу ерекшеліктері көрсетілген. Мәтіндегі қорқыныштың вербализациясы эксплицитті және имплицитті тілдік құралдар жүйесі арқылы жүзеге асатыны анықталған.

«Қорқыныш» концептісіне тән лексемалардың сандық үстемдігіне қарамастан, шығарманың мағыналық-сюжеттік қабатын құрайтын негізгі концепт ретінде «Қорғансыздық» танылды. Бұл контексттегі қорғансыздық эмоционалдық күй ретінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл мәтін бойынша кейіпкердің мінез-құлқын анықтайтын экзистенциалды тәжірибе ретінде көрінеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles