АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ «ОҚУ ҚҰРАЛЫ» БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАЗМҰНДЫҚ, ГРАФИКАЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • Маралбек Е. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
  • Кожахмет А. М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.014

Кілт сөздер:

Ахмет Байтұрсынұлы, «Оқу құралы», «Әліппе», «Байтұрсынұлы әліпбиі», жазу, емле, төте жазу, жазу тарихы

Аннотация

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» деп аталатын желілес кітаптарының жиырма үш басылымы өзара салыстырылып, олардың құрылымдық, мазмұндық және графикалық даму үдерісі талданып, эволюциясы анықталады. Қазақ тіл білімінде бүгінге дейін «Оқу құралы» басылымдары салыстырылып, толық библиографиясы жасалмады және текстологиялық ерекшелігі арнайы қарастырылмады. Тіпті толық басылымдары кирил графикасымен жарық көрген жоқ. Сондықтан да оқулық басылымдары арнайы зерттеу нысаны етілді. Талдау үш кезеңге бөліп жүргізілді: бірінші кезеңде «Оқу құралының» жинақталған жиырма үш басылымы төрт топқа жіктеліп, құрылымдық, деректемелік ерекшеліктері сөз болады; екінші кезеңде «Оқу құралы» басылымдарының мазмұндық ерекшеліктері талданады; үшінші кезеңде «Оқу құралы» басылымдарының графикалық ерекшеліктері өзара салыстырылды. Нәтижесінде «Оқу құралы» басылымдарының құрылымы мен жүйесіндегі өзгерістер, мазмұнындағы толықтырулар мен түзетулер, графикалық эволюциясы анықталды. Сондай-ақ мұрағаттық зерттеулер нәтижесінде анықталған «Оқу құралы» басылымдарының бүгінгі тіл біліміне, ғалымдарға белгісіз бірнеше нұсқалары туралы деректер айтылып, кейбір зерттеушілер көрсетіп жүрген ағат басылымдар туралы дәйектер ұсынылады. Зерттеу «Оқу құралының» түпнұсқа басылымдары негізінде жүргізілді. Зерттеудің барлық кезеңінде салыстырмалы-тарихи, текстологиялық және сипаттамалы әдістер интегративті сипатта қолданылды. Соңында «Оқу құралы» басылымдарының өзгеру, даму себептері мен одан туған нәтижелерге баға берілді және қорытынды тұжырымдар шығарылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles