«РЕСЕЙ/РОССИЯ» КОНЦЕПТІСІН ОБЪЕКТИВТЕНДІРУДІҢ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.004Кілт сөздер:
концепт, «РЕСЕЙ/РОССИЯ» концептісі, ұлттық концептосфера, когнитивтік ерекшеліктер, когнитивтік бағыт, лингвоменталды кешен, мәдени-тілдік контекст, әлемнің ұлттық бейнесі, ассоциативті экспериментАннотация
Мақалада «Ресей/Россия» концептісінің қазіргі гуманитарлық ғылымдағы өзектілігі, когнитивтік ерекшеліктері ғылыми тұрғыда жан-жақты талданады.
Зерттеу нысаны – қазіргі кезеңдегі ұлттық концептосфераның тілдегі объективті көрінісі. Зерттеу пәні – қазіргі орыс және қазақ тілдеріндегі «Ресей/Россия» концептісінің мазмұны мен семантикалық ауқымы.
Зерттеудің мақсаты – «Ресей/Россия» концептісінің когнитивтік сипаттамаларын, негізгі тілдік ерекшеліктерін, семантикалық ауқымы мен мағыналық құрылымын, оның қазіргі сөйлеудегі және қазіргі орыс және қазақ тілдік санадағы лингвистикалық объективтілігін жан-жақты сипаттау және талдау. Сондықтан алдымен лексикографиялық дереккөздер (сөздіктер) негізінде концептінің когнитивтік ерекшеліктері, мағыналық ауқымы мен мағыналық құрылымы, сонымен қатар екі тілдегі қолданылу аясы анықталып, жан-жақты талданды, сараланды.
Мақаланың теориялық маңызы – «Ресей/Россия» концептісінің антропоцентристік, лингвокогнитивтік және лингвомәдениеттанулық, когнитивтік бағытта зерттелуі.
Практикалық маңызы – «Ресей/Россия» концептісінің Қарағанды жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген ассоциативті эксперимент деректері негізінде талданып, мағыналық жағынан әр түрлі когнитивтік топтарға саралануы. Авторлар қазіргі орыс және қазақ тілдерінде сөйлеушілердің санасында аталған «Ресей/Россия» концептінің семантикалық мазмұны мен мағыналық ауқымын эксперименттік тексеру нәтижелері арқылы ұсынады.
Басқа дереккөздерді, жазушылар мен публицистер шығармаларын зерттеу ұлттық мәдениет үшін маңызы бар «Ресей/Россия» концептісінің негізгі тақырыптық бағыттарын анықтауға мүмкіндік берген: территориялық тұтастығы, климаттық жағдайлар және табиғи ортаның ерекшеліктері, тарихи тағдырлар, саяси тұлғалар, мемлекеттілік, қоғамдық қатынастар мен экономикалық құрылыстың ерекшеліктері, этникалық ерекшелік, дін мен мифология, ұлттық мәдениет пен болмыс, діл, ұлттық мінез, идеалдар мен құндылықтар жүйесі, адамдардың өмір салты, өмір болмысы, дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері, орыс тілі, т.б.