АРТ-ТЕКСТ – ГИБРИДТІ МӘТІН ТҮРІ РЕТІНДЕ
-
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.037Кілт сөздер:
арт-текст, гибридтілік, контент-талдау, Борис Гройс, өнер философиясы, сын дискурсы, институционалдық сын, заманауи өнерАннотация
Зерттеу қазіргі заманғы өнердегі контемпоральдылық, жанрлық анықталмағандық және медиалық конвергенция жағдайында қалыптасқан арт-текст феноменін функционалды гибридті дискурс ретінде қарастырады. Зерттеудің өзектілігі постмодерн дәуірінде өнер мен институттық кеңістіктердің өзгерістерін бейнелейтін жаңа сыншы жазу формаларын теориялық тұрғыда түсіндіру қажеттілігімен айқындалады. Арт-текст эстетикалық қабылдау мен теориялық рефлексияны біріктіретін дискурстық практика ретінде сипатталады, мұнда сын тілі сипаттау құралы және мағына тудыру тетігі болып табылады. Зерттеудің мақсаты – философиялық, публицистикалық және аналитикалық деңгейлердің тоғысында көрінетін сын дискурсының құрылымдық гибридтілігін анықтау және эмпирикалық тұрғыда дәлелдеу. Әдіснамалық негізін гибридтілік, «ашық шығарма» және институционалдық сын теориялары құрайды. Борис Гройстың арт-сын мәтіндеріндегі гибридтілікті анықтау үшін Е. Таршис әдістемесі бойынша контент-талдау қолданылып, жанрлық функциялардың бірлесіп кездесуі тіркелді. Нәтижелер арт-текстің аналитикалық және эстетикалық дискурстардың бір уақытта әрекет етуімен сипатталатынын көрсетті. Философиялық пайым мен әлеуметтік-саяси публицистиканың синтезі өнердің метафизикалық және институционалдық өлшемдерін бір мезгілде түсіндіру қажеттілігін айқындайды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы арт-текст ұғымын эстетикалық, философиялық және әлеуметтік функцияларды біріктіретін гибридті дискурстық форма ретінде нақтылауда. Теориялық маңызы гуманитарлық ғылымдардағы гибридтілік және қазіргі өнер ұғымдарын дамытуға, ал практикалық құндылығы мәдениеттану, философия және медиаөнер салаларындағы пәнаралық мәтіндерді талдауға қолданылуында.





