ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ МИФОЛОГИЯЛЫҚ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ АРХЕТИПТІК БЕЙНЕСІ

Автор(лар)

  • Сакымзада А.М. Торайгыров университет, Павлодар, НИШ Павлодар
  • Жусипов Н.К. Торайғыров университеті https://orcid.org/0000-0002-2111-6833

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.041

Кілт сөздер:

қазақ ертегісі, мифологиялық кейіпкер, ұжымдық бейсана, архетип, фольклор, мәдени код, символика, нарратология

Аннотация

Бұл мақалада қазақ қиял-ғажайып ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлердің архетиптік бейнесі К.Г. Юнгтің ұжымдық бейсаналық және архетип теориясы аясында талданады. Зерттеу нысаны ретінде Жалмауыз кемпір/Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Дию (дәу) және Ер Төстік образдары алынып, олардың ертегі құрылымындағы қызметі мен мәдени-танымдық мазмұны жүйеленеді. Әдіснама архетиптік интерпретация, типологиялық салыстыру және құрылымдық-функционалдық талдауды біріктіреді: кейіпкердің мәтіндегі рөлі, қарсыласу үлгісі, табалдырықтан өткізу, азғыру, қорқыныш тудыру және қайта жаңғыру мотивтері қарастырылады. Нәтижесінде Жалмауыз/Мыстан бейнесі «Қорқынышты Ана» және «Көлеңке» архетиптерімен, Жезтырнақ образы қауіпті «Анима» әрі азғырушы сынақ қоюшы үлгімен, Дию бейнесі хаос пен дүлей күшті білдіретін «Айдаһар» типіндегі архетиппен сабақтас екені дәлелденеді. Ер Төстік кейіпкері «Қаһарман» архетипінің толық моделін көрсетіп, ғажайып туу, сапарға шығу, төменгі әлемге түсу, жауды жеңу және қауымға қайта оралу кезеңдерін біріктіреді. Мақалада кейіпкерлердің архетиптік типологиясы кесте түрінде ұсынылып, «архетип – функция – сюжеттік нәтиже» байланысы нақтыланады. Сонымен қатар отандық зерттеулерде мифологиялық бейнелердің психоархетиптік қыры жүйелі матрица ретінде аз қамтылғаны көрсетіліп, бұл тәсілдің ертегі мәтінін интерпретациялаудағы ғылыми әлеуеті негізделеді. Зерттеу қорытындылары қазақ ертегілерінің әмбебап символдық табиғатын ашып, ұлттық дүниетанымдағы қорқыныш, тыйым, тәрбие және ерлік кодтарының архетиптік деңгейде тұрақтануын түсіндіруге мүмкіндік береді. Талқылау бөлімінде алынған типтер түркі әлеміндегі ұқсас персонаждармен салыстырылып, ортақ мотивтердің тарихи-мәдени себептері қысқаша сипатталады. Архетиптердің тұрақтылығы ертегі оқиғаларының тәрбиелік қызметін күшейтіп, бала санасында «жақсылық–жамандық» оппозициясын, қауіптен сақтану моделін және мақсатқа табандылықпен жету идеясын қалыптастыратыны көрсетіледі. Практикалық тұрғыдан ұсынылған жіктеу фольклор мәтіндерін оқытуда, әдеби талдау жасауда және мәдени кодтарды сипаттауда қолдануға икемді. Болашақта корпус кеңейтіліп, аймақтық нұсқалар мен вариативті сюжеттердің архетиптік өзгерісі арнайы зерттеуді қажет етеді. Осы бағыт ұлттық фольклортанудың әдіснамасын айқын әрі жаңғыртады

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles