ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ БОЛМЫСЫН СИПАТТАЙТЫН ҰЛТТЫҚ ПРЕЦЕДЕНТТІ ФЕНОМЕНДЕР

Автор(лар)

  • Игисинова А.С. КазУМОиМЯ им. Абылайхана
  • Раева Г.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.008

Кілт сөздер:

Прецедентті феномендер, прецедентті айтылым, прецедентті мәтін, прецедентті есімдер, прецедентті жағдаят

Аннотация

Бұл мақалада қазақ әйелінің болмысын көрсететін ұлттық прецедентті феномендер, олардың әлеуметтік-прецедентті, әмбебап-прецедентті және ұлттық прецедентті сияқты түрлері, прецедентті феномендерге жататын прецедентті мәтін, прецедентті жағдаят, прецедентті айтылым және прецедентті есім ұғымдары әртүрлі ғалымдардың ғылыми жұмыстарын зерделеу арқылы қарастырылған. Мақала мақсаты – қазақ әйелінің болмысын сипаттайтын ұлттық прецедентті феномендерді анықтау. Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: «прецедентті феномендер» ұғымын ашу; прецедентті феномендердің түрлерін, дәлірек айтқанда, ұлттық прецедентті феномендерді қарастыру; «қазақ әйелінің болмысын» талдау. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, гендерлік лингвистика, когнитивті лингвистикаға қатысты еңбектерге теориялық толықтырма жасау болып табылады. Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Лингвомәдениеттану», «Гендерлік лингвистика», «Прецеденттілік құбылыс» сынды арнайы курстар дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу барысында немесе тақырыптарын әзірлеуде қолдануға болады.

Ұлттық прецедентті феномендер арқылы қазақ әйелінің  болмысын нақтылау үшін осы уақытқа дейін гендерлік лингвистика аясында жазылған еңбектерге талдамалы шолу жасалды. Бұл зерттеудің әдіснамасын құрады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі: қазақ әйелінің болмысын сипаттайтын ұлттық прецедентті феномендер анықталды. Прецедентті феномендерге жататын прецедентті мәтінді, прецедентті жағдаятты, прецедентті айтылымды және прецедентті есімді талданып, мысалдар арқылы көрсетілді. Қыздарға байланысты прецедентті айтылымдар үлесі жоғары болғанынан, қазақ халқының қыз бала деген ерекше құрметін, оның тәрбиесіне ерекше мән беретінін ұйғардық. Зерттеу жұмысының құндылығы: бүгінгі менталдық жаһандану кезеңінде қоғамда ер адамдар мен әйел адамдардың әлеуметтік рөлдері өзгеруде. Соған байланысты адам санасында қалыптасатын және сақталатын прецедентті феномендер де жаңарып немесе жаңадан қалыптасып отырады, кейбіреулері тіпті жойылып кетеді. Осындай тілдік материалдар негізінде біз әйел адам мен ер адамның болмысының өзгеруін анықтай аламыз. 

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи