СИГНАЛ МӘНДІ ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ БАҚ ТІЛІНДЕГІ ДИСКУРСТЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРПУС ТАЛДАУЫ НЕГІЗІНДЕ

Автор(лар)

  • Сарсеке Г.А. Eurasian National Univresity
  • Калиева С.Е.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.021

Кілт сөздер:

сигнал мәнді зат есімдер, корпус лингвистикасы, академиялық корпус, функционалдық-прагматикалық талдау, когезия, когеренттілік, бұқаралық ақпарат құралдары тілі, медиадискурс

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі сигнал мәнді зат есімдердің бұқаралық ақпарат құралдары дискурсында қолданылу ерекшеліктері Қазақ тілінің академиялық корпусы деректері негізінде  талданды. Зерттеудің әдіснамалық негізі корпус лингвистикасы мен функционалдық-прагматикалық талдау ұстанымдарына сүйенеді. Зерттеу медиамәтіндерде жиі кездесетін сигнал мәнді зат есімдердің жиілік көрсеткіштерін, контекст аясында таралу ерекшеліктерін және дискурсты ұйымдастырудағы қызметін анықтауға бағытталды. Сигнал мәнді зат есімдер мәтін ішіндегі ақпараттық блоктарды байланыстырып, алдыңғы және кейінгі ойды сабақтастырушы тілдік тетік ретінде қарастырылды.  

Зерттеудің негізгі мақсаты – медиадискурста белсенді қолданысқа ие сигнал мәнді зат есімдердің семантикалық, функционалдық және прагматикалық қырларын айқындау, сондай-ақ олардың мәтін құрылымын ұйымдастырудағы рөлін сипаттау.

Зерттеу барысында сигнал мәнді зат есімдердің жиілік көрсеткіштерін анықтау үшін сандық-корпус талдау, ал олардың семантикалық және дискурстық қызметтерін айқындау мақсатында сапалық контекстік талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде сигнал мәнді зат есімдердің медиамәтіндерде ақпаратты құрылымдау, мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығын  қамтамасыз ету, тақырыптық өзек қалыптастыру, мағыналық акцентті күшейту және авторлық бағалауыштық ұстанымды білдіру қызметтері анықталды. Сонымен қатар олардың оқырман назарын бағыттау, аргументті күшейту және мәтіннің прагматикалық әсерін арттырудағы рөлі дәлелденді. Зерттеу барысында жиілік, контекстік қолданыс және жанрлық ерекшеліктер ескеріліп, медиадискурсқа тән тілдік үрдістер айқындалды.

Зерттеу нәтижелері қазақ тіл біліміндегі корпус лингвистикасы, функционалдық грамматика және медиалингвистика салалары үшін теориялық әрі практикалық маңызға ие. Зерттеу қорытындылары қазақ тілінің қазіргі қолданысындағы тілдік бірліктердің динамикасын сипаттауға және Қазақ тілінің академиялық корпус деректерін медиатіл зерттеулерінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.   

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles