«МУНИЕТ УЛ-ГУЗАТ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ЖЫЛҚЫ ЖАБДЫҚТАРЫ ЛЕКСИКАСЫ: ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.004Кілт сөздер:
ат әбзелдері, тарихи-лингвистикалық зерттеу, түркі халықтары, лексика-семантика, дәстүрлі мәдениет, ортағасырлық жазба ескерткіш, тарихи фонетика, Муниет-ул-гузатАннотация
Мақалада ортағасырлық мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған «Мүниет ул-гузат» жазба ескерткішінде кездесетін ат әбзелдеріне қатысты тілдік бірліктерге кешенді тарихи-лингвистикалық талдау жүргізіледі. Зерттеудің өзектілігі түркі жазба ескерткіштерінің лексикалық қорын түркі халықтарының материалдық мәдениеті, дүниетанымы мен тіл тарихы туралы маңызды дереккөз ретінде жан-жақты зерттеу қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – ат әбзелдеріне қатысты терминдердің тарихи-лингвистикалық табиғатын анықтау, сондай-ақ аталған лексикалық бірліктердің қазіргі қазақ тіліндегі қолданыс ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу нысаны – «Мүниет ул-гузат» жазба ескерткішінің тілі, ал зерттеу пәні – ат әбзелдері атауларының лексика-семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері.
Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, семантикалық, салғастырмалы, этимологиялық және тарихи-фонетикалық талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістер зерттеліп отырған лексиканың диахрондық тұрғыдан дамуын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. Түркітану ғылымында алғаш рет «Мүниет ул-гузат» ескерткішінде тіркелген ат әбзелдері терминдерінің семантикалық ерекшеліктері мен тілдік эволюциясы жүйелі түрде талданды. Терминдердің шығу төркініне, сөзжасамдық құрылымына, фонетикалық өзгерістеріне және қазіргі қазақ тілінде сақталу дәрежесіне ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижесінде қарастырылған лексемалардың едәуір бөлігінің семантикалық негізін сақтап, қазіргі қазақ тілдік қолданысында белсенді түрде жұмсалатыны анықталды. Бұл түркі халықтарының тілдік және мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері ат әбзелдері атауларының түркі халықтарының шаруашылық қызметін, тұрмыс-тіршілігін, әскери өнерін және рухани мәдениетін бейнелейтін маңызды лингвомәдени лексика қабатын құрайтынын дәлелдейді. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар тарихи лексикология, түркітану, этнолингвистика және тарихи семасиология салаларының дамуына үлес қосып, ортағасырлық түркі қоғамдарының тілдік дүниетанымы туралы түсініктерді кеңейтеді.





