ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІНДЕГІ АНГЛИЦИЗМДЕР: СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНТЕКСТУАЛДЫҚ БАҒЫТ

Автор(лар)

  • Жусубалина Ж.М. M.Auezov South Kazakhstan University
  • Тлеубердиев Б.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.005

Кілт сөздер:

англицизмдер, БАҚ, медиамәтін, семантикалық категория, мерзімдік басылымэ, газеттер, мақалалар

Аннотация

Андатпа. Бұл мақаланың авторлары қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы англицизмдердің таралуы, олардың медиамәтіндерде қолданылуын талқылайды. «Медиамәтін» термині қазақ ғылыми ортасында соңғы 10 жылда үлкен қызығушылыққа ие болып жатыр. Оның мұндай қызығушылыққа тап болуы бұқаралық коммуникация саласында тілдің қызметінің ерекшеліктері\ мен медиасөз мәселелерінің зерттелуене ғалымдардың орасан зор мән беруіне негізделген. Қазақ тіліндегі мерзімдік басылымдар негізінде жасалған бұл зерттеу медиамәтіндегі кездесетін англицизмдерді талдап, сараптайды. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстандағы мерзімдік басылымдардан 3 танымал газеттер алынды. Егемен Қазақстан, Алматы Ақшамы және Оңтүстік Қазақстан газеттерінің 3 басылымы сараланып, англицизмдер кездескен мақалалар жинақталды. Англицизмдерді мақалаларды семаниткалық категориялау тәсіліне сүйене ажыратып, олардың қандай (ұлттық әлде халықаралық жаңалықтарға арналған) мақалаларда  жиі қолданылатыны талданады. Категориялар алдын ала құрастырылмайды, тек зерттеу барысында пайда болады. Зерттеу үдерісі кезінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне теориялық шолу жасалып, «медиамәтін», «англицизм» терминдеріне анықтама берілген. Зерттеудің теориялық бөлігі А.Байтұрсынов, Р.Сыздық, Қ.Әбдуәли, Х.Досмұхамедов, Г. Досжан, Антонова Л. Г., Добросклонская Т. Г., Х.Готлеб, А.Белл, П.Хофсти, Т.Янсон сияқты отандық және шетелдік лингвист ғалымдардың еңбектеріне негізделген.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи