АКАКДЕМИЯЛЫҚ ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.019Кілт сөздер:
академиялық жазылым, сипаттамалық эссе, салыстырмалы эссе, аргументациялық эссе, эссе құрылымы, жазылу алгоритмі, бағалау критерийі, эссе түрлерінің сипаттамаларыАннотация
Мақалада студенттердің академиялық жазу дағдыларын қалыптастырудағы академиялық эссе жазудың негізгі мәселелері талқыланып, эссе жанрының шығу тарихынан қысқаша ақпарат беріліп, алғаш рет батыс ойшылдарының жұмыстарында көрініс табуы және алыс жақын шет елдердің ғалымдарының зерттеулері бойынша эссе жанрының қалыптасуы жайлы ақпарат беріледі. Қазіргі таңда академиялық жазылымның компонеттерінінің бір болып саналатын академиялық эссенің ізденушінің сыни ойлау, талқыланатын тақырып бойынша өз ойын логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізу, эссе жазудың студенттердің функционалдық сауаттылығын, оның ішінде жазу дағдыларын дамытудың маңызды тәсілдерінің бірі бола отырып, болжам жасау, ақпаратты бағалау, талдау сияқты когнитивтік дағдыларды және сөйлем деңгейінде тілдік құралдарды пайдалана отырып, ойды тұжырымдау қабілетін арттыратын тілдік дағдыларды жан-жақты дамыту сияқты құзіреттіліктерді қалыптастырудағы орны сипатталады. Эссе жазудың жолдары, талаптары, әдістері мен тәсілдері, оның құрылымының композициялық және конфигурациялық дизайны және бөлімдерінің атаулары мен олардың сипаттары мақалада толығымен баяндалады. Эссенің әрбір бөлігін қысқаша мазмұндауға қойылатын талаптар ұсынылған мақаланың негізгі мәселелері болып табылатындықтан, эссенің кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдеріне талдау жасала отырып, әр бөлімге қойылатын талаптар кесте түрінде ұсынылады, сонымен қоса эссенің әр бөлімі кестеде дербес түрде мысалдар келтіре отырырылып сипатталады. Сонымен қоса мақалада эссенің сипаттамалық эссе, салыстырмалы эссе, аргументациялық эссе сияқты түрлері тереңінен талқыланып, олардың жазылу алгоритмдері мен бағалау критерийлері беріледі және эссе және шығарма арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар саралана отырып кесте түрінде мақалада ұсынылады.