КӨШПЕНДІЛЕР ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ДАЛА» КОНЦЕПТІСІ

Автор(лар)

  • Қосымова Г.С. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Задаханова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.012

Кілт сөздер:

көшпенділер, дала, ауыл, дүниетаным, ұлттық құндылық, концепт

Аннотация

Мақала бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі Дала және оның синонимі болатын ауыл концептісіне арналады. Дала ұғымы қазақтың дүниетанымында  өте қасиетті, ол халықтың Әлем туралы түсінігінің бір тармағы ретінде ұғынылады. Даланы қадірлеуден туындаған көптеген бейнелі сөз қолданыстары – ұлы дала, байтақ дала, сар дала, жұмақ дала, жазира дала, жер ана мыңдаған жылдар ел аузынан түспей келеді. Қазіргі адамдардың далаға деген саналы көзқарасын қайтадан қалпына келтіру үшін, даланың елдің әл –ауқатын арттырудағы, экономикалық өсуіндегі рөлін көрсету үшін осы тақырып зерттеу нысаны етіп алынды.  Қазақ халқының ерте кездегі көшпелі өмірінің бекер еместігін, қыста қыстауды, жазда жайлауды, күзде күзеуді жайлаған өмір салты өздері қасиет тұтқан жер ананы сақтап қалу, құнарлылығын жоймау, аздырып- тоздырмау мақсатында болғандығын дәлелдеу болды. Әлі де болса, адамдардың борышы мен міндеті адамға табын жер енді емес, керісінше, жерге табын адам енді қағидасын  бүгінгі күннің басты ұстанымына айналдыру қажеттілігі туындап отыр.

            Мақалада ауыл мәніндегі дала концептісі әрі метафизикалық, әрі ұлттық-мәдени, әрі эмоционалдық таным тұрғысынан қарастырылып, дала барлық адамдар үшін, әсіресе, қазақтар үшін идеал, эталон саналған ұлттық құндылықтар жиынтығы ретінде пайымдалды. Бұған дәлел ретінде Дала мен ауылды арнайы тақырып етіп алып, бар болмысы мен қадір-қасиетін зор сүйіспеншілікпен жырлаған Қадыр Мырзалиевтің шығармалары талданды. Дала концептісін құрайтын микроконцептілер мен оған енетін фрейм –сценарийлер анықталды. Мақалада қазақ танымындағы Дала ұғымы жан-жақты ашылып, өміршең тұжырымдар жасалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи