АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ӘСКЕРИ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
научная статья
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.017Кілт сөздер:
термин, терминология, лексика, әскери терминология, әскери мәтін, ғылыми-техникалық термин, әскери-ғылыми жанр, аударманың сәйкестігіАннотация
Мақалада аударматану тұрғысынан ағылшын тіліндегі әскери терминологияның өзіндік ерекшеліктері қарастырылған. Ағылшын тілінің қазіргі әлемдегі үстем жағдайы ағылшын тіліндегі әскери терминологияның лексикалық-стилистикалық ерекшеліктері мен сөзжасамдық үлгілерін зерттеу қажеттілігін талап етеді. Жалпы мағынада, әскери терминологияда әскери ұғымдарды білдіретін барлық сөздер мен сөз тіркестер, яғни қарулы күштерге, әскери істерге, шетелден алынған әртүрлі жаргондарға, әскери лексиканың эмоционалды боялған элементтеріне тікелей қатысты барлық сөздер жатады. Сонымен қатар, әскери терминологияға әскери ұғымдарды дұрыс бейнелемейтін, бірақ негізінен әскери ортада қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері кіреді. Әскери материалдар әскери және ғылыми-техникалық терминологияның көптігімен, тек әскери байланыс саласына тән ауыспалы және тұрақты тіркестердің қолданылуымен, әскери номенклатура және арнайы аббревиатуралар мен белгілермен сипатталады. Ағылшын тіліндегі әскери терминологияның ерекшелігі орыс және қазақ тілдеріне аударуда айтарлықтай қиындықтар туғызады. Аударма барысында қазақ тіліндегі әскери терминологияның кеңеюі байқалады.
«Аударма ісі» мамандығының студенттерімен жүргізілетін тәрбие жұмысы үшін оқу тіліне байланысты аударылатын әскери іс саласы бойынша жиі қолданылатын сөз тіркестері алынды. Американың әскери өмірінің шындығын жеткізетін жаргон, жаргон сөздер, фразеологиялық бірліктер аудармада үлкен қиындық туғызатыны анықталды. Осыған байланысты есте сақтау және адекватты аударма бойынша мәселелер туындайды.
Бұл зерттеудің ғылыми құндылығы мен практикалық маңыздылығы қазіргі аударматанудың өзекті мәселесіне, атап айтқанда, ағылшын тіліндегі әскери терминологияны зерттеу үшін жоғары білікті аудармашыларды жан-жақты даярлау.