СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕНІМДЕРДЕ БІЛДІРІЛЕТІН ЭКСПРЕССИВТІ-ЭМОЦИОНАЛДЫ МАҒЫНАЛАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.009Кілт сөздер:
сұраулы сөйленім, экспрессивті-эмоционалды мағына, сұрау есімдігі, сұраулық демеулік, прагматика, экспрессивті-эмоционалды мағыналардың түрлері, сөйлеу актісі, сөйлеу жағдаятыАннотация
Сөйленімде сөйлеуші қандай да бір ақпаратты жеткізу немесе сұрау, бұйрық беру, қалауын жеткізу сияқты мақсаттармен қатар өзінің эмоциясын, экспрессивті көңіл күйін де қоса білдіреді. Осы ретте мақалада қазақ тіліндегі сұраулы сөйленімдер арқылы білдірілетін экспрессивті-эмоционалды мағыналарды анықтау мақсаты қойылып, олардың төмендегідей түрлері айқындалды: қуану (риза болу) мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; сену (үміттену) мағынасы сұрау есімдіктері; таңдану мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; таңырқау мағынасы сұрау есімдіктері; көңілі толмау мағынасы -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; жақтырмау мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; кекету мағынасы -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; менсінбеу мағынасы сұрау есімдіктері; уайымдау мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; аяушылық мағынасы сұрау есімдіктері; өкіну мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі, тұрақтанған құрылымдар; күйіну мағынасы сұрау есімдіктері; кәналау (жазғыру) мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі, ғой нақтылау демеулігі, сұрау мәнді тілдік бірліктер; ренжу (ұрысу, кею) мағынасы сұрау есімдіктері, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе сұраулық демеулігі; жиіркену мағынасы сұрау есімдіктері; қарғыс мағынасы сұрау есімдіктері қатысқан сөйленім мазмұны арқылы білдіріледі. Сонымен қатар бұл экспрессивті-эмоционалды мағыналар сөйленімде сұрау есімдіктерінің, сұраулық демеулігінің басқа да әртүрлі құрылымдармен бірге қолданылуы арқылы да берілуі мүмкін. Сұраулы сөйленімдерде білдірілетін экспрессивті-эмоционалды мағыналар тұтас сөйленімнің мазмұнынан, сөйлеу жағдаятынан туындайтын прагматикалық мағынадан да көрінеді.
Мақалада құрылымдық-семантикалық сипаттау, мәнмәтіндік талдау, функционалды-семантикалық талдау, дифференциация, гипотетикалық түсіндіру және трансформациялау әдістері қолданылды.
Мақалада алынған нәтижелердің тіл біліміндегі сөйлеу актісіндегі адресат/адресант факторы, коммуникативтік стратегиялар, тактикалар, пресубпозиция, пропозиция және постпозиция, тура және жанама сұрау мәнді сөйленімдердің перлокутивті прагматикасы сияқты ғылыми мәселелерді шешуде құндылығы аса зор деп санаймыз, сондай-ақ оларды қазақ тіл білімінің морфология, синтаксис, стилистика, прагматика салалары бойынша жоғары оқу орындарында дәрістер оқуда пайдалануға болады.