ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ: СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМ

Автор(лар)

  • Мамбетова М.К. Al-Farabi university
  • Таубалдиев М.Е.
  • Құлманов С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.009

Кілт сөздер:

терминология, тележурналистика, эксперимент, тікелей эфир, БАҚ, тәжірибе, термин, терминжасам, лингвистика, статистика

Аннотация

Мақалада отандық тележурналистика мамандарының жұмыс үдерісіндегі сөйлеу тілін, шет тілінен енген терминдер мен ұлттық терминдерді қолдану деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген тәжірибе нәтижелері берілді.  

Республикалық арналардың бірінен көрсетілетін таңғы бағдарламаның шығармашылық қызметкерлерінің жұмыс үдерісі кезіндегі сөйленістердің аудиожазбасы негізінде жазылған стенограмма мәтіндеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Тәжірибе барысында тележоба қызметкерлерінің тек кәсіби бағыттағы пікірлері, сөйленістері, сөз қолданыстары, тапсырма-бұйрықтары, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысы бар тұстарына басымдық берілді. Зерттеу барысында  сала мамандары сөйлеу барысында қолданатын кәсіби сөз, сөз тіркесі, терминдерге талдау жасалып, тележурналистика терминдерінің орыс, еуропа және қазақ тілдерінде қолданылу көрсеткіштері көрсетілді, лингвистикалық тұжырым жасалады. Тікелей эфир кезіндегі кәсіби мамандардың сөйлеуі негізінде жасалған стенограмма мәтінінің сандық көрсеткішін талдаудың нәтижесінде статистикалық деректер алынды.

Жаһандану кезеңінде ақпараттық-инновациялық техникалық өзгерістер мен ғылыми жаңалықтардан туындаған жаңа сөз, салалық ұғымдар мен тілдік бірліктердің жұмыс үдерісіндегі қолданысына сапалық талдау жасалды. Сонымен қатар мақалада аудиожазба мәтіндері негізінде терминдердің қолданылу жиілігі берілді. Ұлттық идеологияны қалыптастырушы жетекші күш - БАҚ тіліне қатысты әр жылдары жарық көрген отандық және шетелдік ғалымдардың ой-пікірлеріне шолу жасалды. Тәжірибелік зерттеу барысында сала мамандарының жұмыс үдерісінде мемлекеттік тілді қолдану әлеуетінің деңгейі көрсетіліп, терминжасам ісінің өзекті мәселелері қарастырылды, зерттеу нәтижесі бойынша тұжырым, ұсыныстар беріледі.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи