ЗАМАНАУИ ӘДЕБИЕТ ЕСІМДЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЭПОНИМДЕРДІ ҚОЛДАНУ ҮРДІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.014Кілт сөздер:
эпонимдер, эпонимдік терминдер, терминология, ономастика, әдеби атаулар, әдеби кейіпкерлер, номенклатура, әдеби эпонимдерАннотация
Эпоним – бұл шынайы немесе мифтік кейіпкер, жер немесе зат есімі берілген не солай есептелінетін жанды немесе жансыз зат атауы. Эпонимдердің ұзақ және қызықты тарихы бар және ғылыми дискурста қолданылу ауқымы кең; олардың кейбіреулері әдеби кейіпкерлердің атына негізделіп немесе танымал шығармаларға сілтеме жасайды. Көркем атауларға негізделген эпонимдер ғылымға деген қызығушылықты оятып, білімімізді тереңдетіп, сөздік қорымызды байыту арқылы күнделікті іс-тәжірибемізге адами фактор қосады.
Бұл мақалада терминологияның белгісіз дерлік бөлігі болып саналатын әдебиеттен алынған кейбір эпонимдерді талдау арқылы әдеби кейіпкерлердің сипаттамаларын, эпонимдердің пайда болуына әкелген жағдайлары және олардың ғылыми терминологияға бейімделу себебі қарастырылған. Жұмыстың мақсаты – әдеби кейіпкердің атын эпонимдік терминдерді қалыптастыру кезінде қолдану тенденциясын және осы үдеріс барысында пайда болытын ақыл-ой әрекетінде көрініс табатын бейнелі ассоциацияларды анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі әдістер қолданылды: синтез (нәтижелерді жалпылау); сипаттамалық талдау (терминдерді таңдау, материалды (деректерді) каталогтау) және т.б. жалпы ғылыми әдістер. Талдау нәтижесінде ғылыми дискурста жаңа әдеби эпонимдердің пайда болу себептері мен уәждері анықталды, бұл өз кезегінде оларды қолданудың өсіп келе жатқан тенденциясын түсіндіріп, және көптеген ғалымдар ғылыми жаңалықтардың атауында танымал кейіпкерлердің аттарын қолдануға неге қарсы екені туралы сөз қозғайды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы әдеби кейіпкерлерге негізделген эпонимдер сияқты тілдік құбылысты егжей-тегжейлі зерттеу болып табылады. Зерттеу материалдарын халықаралық терминологиялық тіркелімдерді зерттеумен айналысатын аудармашылар мен лингвистер анықтамалық материал ретінде пайдалана алады.