ХХІ ҒАСЫР КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.023Кілт сөздер:
көркем әдебиет, балалық шақ, қарым-қатынастар, жаһандану, мәселелер, мифтер, тәжірибе, оқуАннотация
Мақалада балаларға арналған көркем әдебиеттегі балалық шақ мәселесі қарастырылады. Көркем әдебиеттегі балалар әлемін, балалық шақ естеліктерін зерттеу жалпы қоғамның рухани көңіл-күйін көрсетеді және қазіргі әлемнің моральдық-этикалық құндылықтарын оның барлық күрделі көріністерімен айқын сипаттайды. Қазіргі проза балалық шақ пен отбасы образдары тақырыбын қайта қарастыруда. Өмірде және әдебиетте бірнеше ондаған жылдар бойы отбасылық құндылықтар туралы түсінік жоғалып кетті. Сондықтан қазіргі интерпретациядағы балалық шақ образдары классикалық әдебиеттегі образдардан біршама ерекшеленеді. Автор балалық шақ және оның өзгерістерін, әдебиеттегі балалық шақ кеңістігі мен оның мазмұны туралы зерттеулерін, балалық шақ мифтері мен олардың жасалу себептерін талдайды. Қазіргі проза қоғамдағы мінезбен, мінез-құлқының қалыптасуына әсер еткен балалық шақты бейнелеу кезінде оларды балалық шақтағы естеліктерден шыққан ересектермен салыстырады. Жұмысты жазу кезінде келесі әдістер қолданылды: сипаттау әдісі, салыстыру, материалды талдау әдісі және ақпаратты синтездеу. Мақала студенттерге, филологтарға, мұғалімдерге оқу перспективасы үшін көркем ғылыми еңбектердің кең ауқымын ашады.