ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫ ЖАНРЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ОРНЫ (АЙМАҚТЫҚ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АҢЫЗДАР МЫСАЛЫНДА)

Автор(лар)

  • Кенбаева А.З. Актюбинский региональный университет
  • Сойлемез О.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.022

Кілт сөздер:

фольклор, топонимикалық фольклор, топонимикалық аңыз, топоним, халық прозасы, фольклорлық мәтін, топонимикалық сюжет, халықтық этимология

Аннотация

Мақалада топонимикалық аңыздарды ауызша халық шығармашылығы жанры ретінде зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығы қарастырылады. 

Жұмыстың мақсаты топонимикалық аңыздарды аймақ атауларының географиялық негіздері ретінде қарастыра отырып, аймақтық ерекшелікті анықтау. Белгілі бір ұлттың мәдени құндылықтарын, ұлттық ерекшеліктерін, тарихи шындықтарын бойына сіңірген феномен ретінде топонимия мен фольклордың байланысын зерттеу қазақ халқының фольклорлық-тілдік бейнесіндегі өзіндік дүниетанымын ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысы тарихи-мәдени және сипаттамалық әдістерді пайдалана отырып жүргізілді.

Зерттеудің өзектілігі фольклор мен топонимиканың арасындағы байланыстың ерекшелігін анықтауда болып табылады. Бұл ерекшелік антикалық дүниетаным формасында немесе антикалық мәдениет мағынасында көрінуі мүмкін, себебі фольклорда қолданылған географиялық нысандардың атаулары мифтер мен аңыздарға негізделген. Мысалы, ертегілерде топонимикалық атаулар көрсетілмеген, олар тау, су, өзен түрінде келтірілген.  

Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы топонимикалық аңыздар белгілі бір жеке халықтың ғана емес, бүкіл аймақтың рухани және мәдени мұрасынның маңызды бөлігі екендігін анықтауда болып отыр.  Мақалада топонимикалық сюжеттердің жанрлық ерекшелігі көрсетілген. Зерттеу материалы ретінде Батыс Қазақстан аймағының Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы географиялық нысандардың атауымен байланысты топонимикалық мәтіндердегі фрагменттер алынды.

Зерттеу жұмысының соңында алынған нәтижелер халық прозасында кездесетін топонимикалық атаулар халықтың мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқындайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи