ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ: ФОНОСТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ДЫБЫСТЫҚ СИМВОЛИЗМ

Автор(лар)

  • Коянбекова С.Б. UNIVERSITY
  • Зиядаулы Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.008

Кілт сөздер:

экспрессивтік стилистика, фоносимволизм, фоностилистика, эвритмика, коммуникативтік, кумулятивтік, контекст

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі  фоностилистикалық мәселелер, дыбыстық қайталаулар, олардың түрлері мен сипаты, фоносимволизм мәселелері қарастырылған. Тіл дыбыстарының  экспрессивтік қызметі фоносемантикалық табиғатымен байланыста  зерделенген. Олардың қазақ тіліндегі көрінісі, дыбыстың экспрессивтік стилистикалық қызметі жүйеленген. Фонетикалық бірліктердің ерекшеліктерінің маңыздылығы   зерттелген.

      Фоностилистикадағы дыбыстың экспрессивтік стилистикалық қызметі фонемалардың сөз мағынасымен ассоциялануына негізделуі, дыбыстық символға айналуы айқындалған. Фонетикалық құралдардың әлеуметтік-лингвистикалық, психолингвистикалық және прагмолингвистикалық аспектілерінде сөздің әртүрлі формаларды қолдану заңдылықтары, жұмсалу мүмкіндіктерімен сабақтастырылған. Дыбыстық таңбаның (дыбыс, фонема) -  ментальды, психикалық, физиологиялық, лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық, мәтіндік, эстетикалық және мәдени мәндік сипаты  талданған.  

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи