ТТАРИХИ ІШКОРПУС ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Автор(лар)

  • Сейтбекова А.А. А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты
  • Сейдамат А.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.012

Кілт сөздер:

тарихи ішкорпус, транскрипция, факсимеле, араб графикасы, жазба мұралар

Аннотация

Ақпараттық технология дамыған заманда тілдің жазбаша формасы қағаз форматында ғана өмір сүрмейді, оның электрондық нұсқасын даярлау – қазіргі заман талабы. Әлемнің көптеген тілдері жеке ұлттық корпустарын әзірлеуде. Бұндай ауқымды зерттеу жұмыстары қазақ тіл білімінде де «корпустық лингвистика» саласында орын алып келе жатыр.  Бүгінгі таңда қазақ тілінің ұлттық корпусына мәтіндер базасы жинақталып,  инновациялық-ақпараттық база ретінде үздіксіз жетілдіріп отыр. Ұлттық корпус ұғымы тек синхрониялық емес, сонымен қатар диахроникалық зерттеулердің құралы болып табылады. Осыған орай аталмыш мақалада қазақ тілінің ұлттық корпусының аясында «тарихи ішкорпустың» құрастыру қажеттілігі айтылады. Себебі «тарихи ішкорпус» – V-XX ғғ. қамтитын жазба мұралардың тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуде, қажетті материалды іздеуде кез келген пайдаланушыға онлайн-режімде бірден-бір пайдалы, аса қажетті тілтанымдық құрал болып есептеледі.  Сондықтан атамыш мақаланың мақсаты – көне және ортағасыр дәуріндегі жазба мұралардың мәтіндерін жинақтау, электронды форматқа көшіру және корпусқа ақпараттық және тілтанымдық белгілерімен енгізу. Қолданбалы лингвистика саласында «тарихи ішкорпус» тұңғыш рет жасалғалы жатыр. Алайда түрлі графикамен жеткен қолжазбаларды цифландырудың өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Мақалада тарихи ішкорпусты әзірлеудің әлемдік тәжірибедегі құрылымы мен практикалық қолданысы зерттеледі. Яғни, әлем тілдерінің тарихи ішкорпусы (орыс тілінің диахрондық және неміс тілінің тарихи ішкорпусы) әзірлену барысы талданады. Өзге елдердің тәжірибелерін ескере отырып, қазақ тілінің тарихи корпусын әзірлеудің негізгі атқарылатын жұмыстары нақтыланады. Әр дәуірдегі жазба ескерткіштер мәтіндер базасын анықтау, жинау; жинақталған материалдардың сапасы мен құрамын сұрыптау, топтастыру, өңдеу; оларды корпусқа енгізу және демонстрациялау мәселесі, әр бір жазба мұраға ақпараттық белгіленімдердің құрылымы айқындалады. Сонымен қатар тарихи ішкорпус әзірлеудегі қиындықтардың бірі – лингвистикалық белгіленімдердің қойылуы мәселесі назарға алынады. Ұсынылған зерттеу жұмысын кез келген тілдің тарихи ішкорпусын әзірлеуде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи