ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫНЫҢ ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ ІШКОРПУСЫН ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.006Кілт сөздер:
диалект, диалектілік корпус, мәнмәтіндік редактор, талдауыш, ішкорпус, метабелгіленім, Аймақтық сөздік, метаақпаратАннотация
Мақалада диалектологиялық корпус жасаудың әлемдік тәжірибесіне шолу жасалады. Орыс тілінің ұлттық корпусында диалектілік ішкорпус ауызша тіл материалдары бойынша енгізілгендігі, ондағы фонетикалық транскрипция мәселелері мен оларды орфографиялау, просодикалық белгіленімдер әзірлемесі және диалектілік қолданыстарға автоматты морфологиялық талдаулар жасаудың жолдары көрсетіледі.
Мақала жазудағы басты мақсат диалектілік корпус жасаудың әлемдік тәжірибесі негізінде қазақ тілінің диалектологиялық ішкорпусының әзірлемесін сипаттап, оны жетілдірудің жолдары қарастырылады.
Диалектологиялық ішкорпусы тіл зерттеушілерге ғылыми мақалалар, монография, диссертациялық жұмыстарына қажетті зерттеулерді оңайлату және тездету үшін қажетті.
Мақалада Қазақ тілінің Ұлттық корпусының диалектологиялық ішкорпусын әзірлеуде, осы бағыттағы әлемдік тіл біліміндегі қолданбалы бағыттағы жұмыстарды зерттеуде шолу, сипаттау, баяндау, аналитикалық талдау әдістері, алгоритмдік программалау әдісі қолданылады.
Қорыта келгенде, корпуста әдеби тілдегі нормаланған сөздер болсын, диалектілік сипаттағы сөздер болсын ең алдымен түбір мен қосымшаға бөлінуі керек. Диалектілік корпуста да осылайша диалектизмдердің негіз сөздер сөздігі жасалып, ол корпус базасына салынады. Морфологиялық талдау жасаудың екінші қадамы – сөзформалардың екінші бөлігі – түрленім қосымшаларды морфемаларға бөлшектеп, олардың грамматикалық сипатына қарай шартты белгісін қою. Осы ретте диалектілік ішкорпуста да диалектизм сөзформалар морфологиялық талдаудан өтуі қажет.
Келешекте диалектілік ішкорпуста өңірлерден ауызша тіл материалдарын аудиотаспаға жазып, корпусқа енгізу жоспарланған. Мақалада осы мақсатқа сәйкес жұмысты