КӨРКЕМ МӘТІННІҢ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛІЛІГІ

Автор(лар)

  • Комуцци Л.В. КазУМОиМЯ имени Абылай хана

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.008

Кілт сөздер:

көркем мәтін, көркем коммуникация, декодтау стилистикасы, мәтін көлемі, мәтінді шектеу, мәтіннің позициялық теориясы, Дж.Джойс, «Дублиндіктер», «Күл»

Аннотация

Көркем мәтін көптеген лингвистикалық дәстүрлердің зерттеу нысаны болып табылады. Дегенмен, ол әрі қарай зерттеу үшін ашық санат болып қала береді. Бұл мақалада мәтін лингвистикасы және декодтау стилистика тұрғысынан оның көлемі мен шектеулілігі сияқты қарапайым көрінетін мәтін сипаттамаларын қарастырамыз.

1970 жылдардағы мәтін лингвистикасында және көркем мәтінді экспрессивтілік, оқшаулану, құрылымдық критерийлер арқылы қарастарған  Ю.М. Лотманның семиотикалық концепциясында берілген   анықтамалар негізінде оқырманның ой-өрісін оятатын күрделі белгі ретіндегі мәтіннің заманауи түсінігіне тоқталамыз. Көркем мәтіннің бұл қасиеті оның дербестігімен емес, семантикалық құрылымының ашықтығымен қамтамасыз етіледі деп есептейміз. Біздің теориялық тұжырымымызды мәтіндік талдау,негізінен Дж.Джойстың «Дублиндіктер» жинағындағы «Күл» әңгімесін талдаумен нығайтылады. Рәсім тақырып, әңгіменің басы мен соңы және барлық әңгіменің символдық контексті арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауды көздейді, ол өз кезегінде дублиндік циклдің барлық әңгімелерінің тақырыптық құрылымымен өзара әрекеттеседі. Зерттеу нәтижелері мәтіннің шектеулілігі мен көлемі ұғымдарының салыстырмалылығын және олардың когнитивтік стилистика саласындағы одан әрі зерттеулер үшін олардың жоғары әлеуетін куәландырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи