ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ АҚ ЖӘНЕ ҚАРА ТҮСТЕРДІҢ СИМВОЛДЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАҢЫЗЫ: СЕМАНТИКА ЖӘНЕ АУДАРМА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.017Кілт сөздер:
таңба, код, мәдениет, түс, фразеология, семантика, қауымдастық, аудармаАннотация
Бұл мақала тілдің символдық жүйесімен байланысты аспектілерді талдауға арналған. Түс белгілеудің тілдік жүйесі-қоршаған табиғаттың түсі туралы бірегей ақпаратты, халықтың тарихи жолының өзіндік ерекшелігін, әртүрлі этникалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін және әлемнің көркемдік көрінісінің ерекшеліктерін тіркейтін мәдениеттің негізгі категорияларының бірі. Тілдік бейнелерді иконикалық және символдық бейнелеу мәселелерін қазіргі лингвистер зерттейді, алайда бейнелеу және символдық қолдану құралдарын жүйелеу проблемалары әлі де кездеседі. Зерттеу семантикалық талдау, аударма талдауы және салыстырмалы салыстыру әдісі арқылы жүргізілді. Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі қара және ақ түстердің символикалық сипаты зерттеліп, жалпы белгілері мен айырмашылықтары анықталынады. Түстер тілдің бейнелі негізін, соның ішінде фразеологиялық бірліктерді, бейнелі салыстыруды құра алатындығы көрсетілінген. Лингвосемиотикалық аспектілерге, бейнелеу көздеріне, соның ішінде діни, философиялық және мифологиялық аспектілерге ерекше назар аударылады. Талдау ағылшын тіліне аудару кезінде ескерілуі керек мәселелерді анықтайды. Мақалада қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің ағылшын тіліне аударылуы, оның ішінде аударма стратегияларының талдауы, таңдалған стратегияның адекваттылығының негіздемесі, бейнелі және символдық негіздерді берудегі адекваттылық мәселелері талданады. Алынған нәтижелер тілдің символдық табиғаты туралы білімдерін кеңейтеді және аударма кезінде осы факторларды ескеру қажеттілігін көрсетеді.