КҮЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ КЕЙБІР ЭТНОНИМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

Автор(лар)

  • Бияров Б.Н. С. Аманжолов атындағы ШҚУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.002

Кілт сөздер:

этноним, этнос, этимология, этиология, сема, болжам, тұжырым, пікір, уәж

Аннотация

Көне түркі ескерткіштері тілтану, мәтінтану, әдеби жанрлық, тарихи жағынан зерттеліп келеді, зерттеліп те жүр. Бір кемшін тұсы көне жәдігерлердің ономастикасын қарастыруда жатыр. Бірнеше себептерге байланысты көне түркі ескерткіштеріндегі жалқы есімдердің тура санын анықтау біршама қиындық тудырады.

Бұл мақалада Күлтегін ескерткішінде кездесетін 23 шақты этнонимнің кейбіріне, мағынасы көп қарастырылмаған немесе даулы болып келетін этнонимдерге, этимологиялық талдау жасалған. Кез келген этимологиялық талдау болжамнан тұрады деген қағидаға сай, автордың ұсынған тұжырымдарын да жүз пайыз ақиқат деп қабылдауға болмайды, алайда сол ұсынылған болжамдардың бірінде этнонимнің шын мағынасы жатуы да мүмкін.

Зерттеу жүргізу барысында салыстырмалы-тарихи, ретроспективті, ареалдық, статикалық, этиологиялық зерттеу әдістері қолданылған. Автор бір этнонимнің этимологиясы туралы бұрын айтылған пікірлерді келтіріп, салыстыра қарап, содан кейін ғана өз болжамын ұсынады. Өзіне дейінгі жазылған тұжырымдарды теріске шығармай-ақ, жаңа көзқарас білдіруі немесе сол айтылған тұжырымдардың бірін мойындап, қолдауы ғылыми этиканы сақтағаны болып табылады. Этнонимнің мағынасын анықтауда, автор, тарихи, географиялық жағдайларды ескеріп, солармен атаудың шығу себептерін (этиологиясын) байланыстыра қарастырады. Жалқы есімдер, оның ішінде топоним мен этноним, тілдік, тарихи және географиялық аспектілерде қаралуы керек деген талап осы мақалада орындалғанын байқауға болады.

Талданған этнонимдердің мағынасы туралы бұрын-соңды айтылмаған тың тұжырымдардың кездесуі мақаланың жаңашылдығын көрсетеді. Оның үстіне, көне түркі ескерткіштеріндегі ономастикалық кеңістіктің жүйелі түрде зерттелмеуі және бұрынғы зерттеушілердің арасында ономаст-ғалымдардың аз болуы бұл зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи