ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНДЕГІ ГИДРОНИМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАСЫ

Автор(лар)

  • Бекенова Г.Ш. Eurasian Humanitarian Institute

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.001

Кілт сөздер:

топоним, гидроним, Солтүстік Қазақстан, этностар, жер-су атаулары, лингвистика, өлкетану

Аннотация

Мақаланың мақсаты – Қазақстанның солтүстік өңірінің гидрожүйесін лингвистикалық тұрғыдан қарастырылып, семантикалық типтерін топтастырып, гидронимдік объектілерді атаудағы өлке этностары мен тілдердің қатысын анықтау. Тіл білімінде гидронимдердің негізгі семантикалық топтары адаммен қатысы, объектімен қатысы және объектінің сын-сипаты деп берілген. Аталған мақалада мұндай семантикалық құрылым топонимиялық универсалдықтардың әсерімен және тұрғылықты халықтың (қазақтардың) өмірі мен шаруашылығының этномәдени ерекшелігімен байланысты екендігі дәлелденген.

Географиялық атаулар семантикасын зерттеу негізінен әр алуан материалға сүйеніп, семантикалық классификация жасаумен ғана шектеледі. ХІХ ғасырдан бастап ғалымдар топоним семантикасындағы атаудың белгілі объектпен байланысын ашып көрсете бастады. Біраз зерттеушілер объект сынын анықтайтын атаулар тобын да талдап жіктейді. Бұл екі топ зерттеу барысында, әдетте қарама-қарсы қойылып қарастырылады. Атаулардың бірінші тобы өзіне зерттеушілердің назарын көп аударады, себебі, топоним адамның қоршаған ортаны өзгерту процесімен өте тығыз байланысты және табиғатқа деген адамның антропоцентристік көзқарасы да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сол себептен адамның объектпен байланысы маңызды пункт ретінде бөлінеді. Екінші топтың құрамына объектінің сан алуан сын-сипатын және басқа объектілерімен әртүрлі қарым-қатынасын білдіретін атаулар кіреді. Бүгінгі күн талабынан келсек, топоним семантикасын талдауда, бұл екі топты ғана бөлу ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз. Алдыңғы буын тәжірибесін ескеріп, географиялық атаулар семантикасының бар ерекшеліктерін қамтуға тырысып жасалған жаңа классификациялар дүниеге келіп жатыр. Олардың авторлары топтарды өзара белгілі бір тәртіппен бөліп, жіктеп, жүйеге келтіруде. Осыларды ескере келе, аталған мақалада географиялық зерттеулерге қатысты көрсетілген нәтижелер мен қорытындылар тіл білімінің лексикология, семасиология, этимология және ономасиология салаларына және қазақ ономастикасы бойынша тың пайымдау жасауға мүмкіндік береді.

Мақаланы жоғары оқу орындарында «Тарихи ономастика» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи