КАРТОТЕКАЛЫҚ ҚОРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ

Автор(лар)

  • Жанабекова А.А. Институт языкознания имени А.Байтурсынова
  • Кожахметова А.К.
  • Бесиров Е.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.003

Кілт сөздер:

картотека, автоматтандыру, цифрландыру, электронды база, картотекалық қор, корпус, лексикография, қолданбалы лингвистика

Аннотация

Аннотация. Мақалада қазақ тіліндегі түсіндірме сөздіктер құрастырудың дереккөзі, иллюстрациялық базасы болып табылатын қазақ тілінің әртүрлі стильдері бойынша жинақталған мысалдар жиынтығы – картотекалық қорды цифрландырудың, автоматты сөздік базаға келтірудің ғылыми-практикалық мәселелері қарастырылады. Орыс тілінің картотекалық қорын жасау тәжірибесіне шолу жасалады. Картотекалық қорды жасаудың маңыздылығы туралы айтылған пікірлер беріледі. Қазақ тіліндегі ХІХ ғасырдың орта шенінде қол жұмысы арқылы басталған картотекалық қорды жасақтау тарихы баяндалады. Сонымен қатар  ХХ ғасырдың басында профессор А.Жұбановтың басқаруымен жүзеге асқан «Тіл – қазына» атты деректер базасының жұмысына сипаттама беріледі. Автоматты, электронды картотекалық базаның жұмыс істеу механизмі көрсетіледі және сол арқылы пайдаланушы мүмкіндіктері айқындалады. Картотекалық қор – лексикографиялық база жасаудың, яғни түсіндірме сөздіктер құрастырудың негізгі шарты екендігі дәйектеледі. Қазақ тілінің картотекалық қоры негізінде жасалған түсіндірме сөздіктерге шолу жасалады.

Қазақ тілінің картотекалық қорын цифрландыру қажеттігін негіздеуде, осы бағыттағы әлемдік тіл біліміндегі қолданбалы бағыттағы жұмыстарды зерттеуде шолу, сипаттау, баяндау, аналитикалық талдау әдістері қолданылады. Картотекалық қорды автоматты сөздікке, электронды иллюстрациялық базаға айналдыру тетіктерін айқындауда алгоритмдік программалау әдісіне сүйенеміз.

Картотеканың дереккөздері нақтылығымен, стильдік жағынан алуан түрлілігімен, арнайы іріктеліп таңдалған және өңделген мәтіндер болғандықтан құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес.

Картотека материалдары қазақ тілінің көптеген сөздіктері мен грамматикаларын дайындауда қолданылып келеді.  Бұл картотеканы біздің еліміздің әр түрлі қалаларының және шетелден келген ғалымдар қазақ тіл білімінің әртүрлі мәселелерін зерттеу үшін пайдалана алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи