ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ПРЕЦЕДЕНТТІ ҚҰБЫЛЫСТАР ТУРАЛЫ

Автор(лар)

  • Нурбаева А.Н. Әлихан Бөкейхан университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.012

Кілт сөздер:

прецеденттік мәтін, прецедентті есім, прецедентті жағдай (ситуация), прецедентті айтылым, прецедентті феномен, мәтін, этномәдени ақпарат, мәдениеттанулық үдеріс

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі баспасөз мәтіндерін негізге ала отырып «прецеденттік мәтін» ұғымына лингвомәдени талдау жасалады. Зерттеудің  мақсаты - қазақ баспасөз мәтіндеріндегі прецедентті құбылыстардың лингвистикалық ерекшеліктерін талдау болып табылады.

Осы орайда прецеденттілік ұғымының зерттелуіне, анықталамарына тоқталып, «прецеденттік мәтін» ұғымын зерттеген ғалымдардың пікірлеріне шолу жасалды. Прецеденттік мәтін ұғымын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдарға сүйене отырып, қазақ тіліндегі прецедентті феномендер зерделенеді. Баспасөз мәтіндеріндегі прецедентті есім, прецедентті оқиға (ситуация) және прецедентті айтылым сияқты прецеденттік феноменнің мысалдары талданды. Баспасөз мәтіндеріндегі прецедентті феномендердің қолданылу мақсаттары айқындалады.

Зерттеу барысында сипаттау, жинақтау, лексика-семантикалық талдау, жіктеу, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы: зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі прецеденттілік құбылысының зерттелуіне қосылған үлес болып табылады, сонымен қатар мәтін лингвистикасы, медиалингвистика салаларындағы зерттеулерде пайдалануға болады

Қорыта келе, прецедентті феномендер халықтың жадындағы құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің бірден-бір құралы бола отырып, халықты мәдени-рухани құндылықтардың шеңберінде біріктіру тәсілі бола алады. Прeцедентті феномендердің сан-алуандығы ұлттық тіліміздің ерекшелігінің көрінісі болып табылады. Қазақ баспасөз мәтіндеріндегі прецедентті феномендер тек тілдік қана емес, сонымен қатар қоғам мен тілдік санада болып жататын мәдениеттанулық үдерістерді білдіреді деген тұжырым жасалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи