АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЙДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ (ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Нергиз Бирай Актюбинский региональный университет имена К. Жубанова
  • Курманова Б. Ж.
  • Утегенова А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.011

Кілт сөздер:

тілдік жағдай, тілдік үдерістер, Ұлттық санақ, әлеуметтік лингвистика, тіл саясаты, статистикалық мәліметтер, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулер, тілдік ұстанымдар

Аннотация

Мақалада Ақтөбе облысы халқының ұлттық құрамы, әрбір этностың басқа этностар арасындағы үлес салмағы, облыс тұрғындарының ана тілін таңдау және меңгеру деңгейі, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі, солардың ішінде аймақ тұрғындарының қай тілді үстемдікпен қолданытыны туралы мәселелер қарастырылады.

Жұмыстың мақсаты – республикамыздың батыс бөлігінде орналасқан Ақтөбе облысының тілдік жағдайын, әсіресе географиялық орналасуы мен этникалық және  тілдік әркелкілігіне байланысты тілдік жағдайдың, соңғы тенденциялары мен динамикалық өлшемдерін егжей-тегжейлі қарастыру.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Ақтөбе облысының тілдік жағдайының өзіндік сипаты мен ерекшелігін көрсетіп, тілдерді меңгеру деңгейінің даму тенденциясын зерттеуде болып отыр. Талдау нәтижелерін тілдік саясатты жүргізуде стратегиялық жоспарлар құрастыруда қолдануға болатындығын зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы ретінде атауға болады.

Зерттеу статистикалық мәліметтерді жинақтау және талдау әдістерін пайдалана отырып жүргізілді. Зерттеу материалы ретінде 1999 жылғы және 2009 жылғы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ұсынған Қазақстан Республикасының Ұлттық санақтарының қорытынды нәтижелері алынды.

Зертеу жұмысының нәтижесінде Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан Ақтөбе облысындағы тілдік жағдайдың даму тенденциясы байқалады. Қазақ тілі қазақ халықының арасында үстемдікпен дамығандығы, ал басқа халықтар арасында өз дәрежесінде дамымағандығы анықталған. Қазақ тілі басқа түркі тілдес халық өкілдерінің арасында да дамыған. Себебі олардың ана тілдері қазақ тілімен туыстас болғанына байланысты болса керек. Аймақтың барлық тұрғындары дерлік орыс тілін жетік білетіндігі, ағылшын тілін меңгеру деңгейінің де өскендігі байқалып, аталмыш тілді меңгеруге барлық этностардың көңіл бөле бастағанын көруге болады.

Зерттеудің құндылығы Ақтөбе облысындағы тілдік жағдайдың сипатын халықтың тілдерді меңгеру деңгейі бойынша анықтау болып табылады.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге сәйкес мемлекеттік тілге деген қызығушылықтың артуы – бірнеше факторларға байланысты, оның ішінде: тұрғындар арасында қазақтар санының өсуі, қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар санының көбеюіне байланысты табиғи үрдіс деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи