АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «АХМЕТ БЕЙНЕСІ» КОНЦЕПТІСІ

Автор(лар)

  • Досова А.Т. Костанайский региональный университет именм А.Байтурсынова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.002

Аннотация

Мақаланың басты мақсаты – «Ахмет бейнесі» концептісінің танымдық жүйесін анықтап,  ақын шығармаларында осы мәселені ашатын тілдік бірліктерді ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Зерттеу нысанына Ахмет Байтұрсынұлының Маса жинағына енген өлеңдері алынды. Концепт терминіне  берілген анықтамалар сараланды. Сондай-ақ  осы мәселенің қазақ тіл білімінде зерттелуіне шолу жасалды. Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерінің, оның ішінде «Тіл құрал»  оқу құралында берілген ғылыми тұжырымдардың танымдық сипаты туралы пікір білдірген қазақ ғалымдары Э.Оразалиева, М.Иманқұлова, О.Жұбаеваның  еңбектері басшылыққа алынды. Ахмет Байтұрсынұлының  Маса жинағына енген шығармаларындағы «Ахмет бейнесі» концептісінің танымдық сипаты айқындалды.  Көркем мәтіннің танымдық жүйесі Намыс, Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, Жазған сөз жаным ашып Алашыма, Қазақ қалпы  сияқты танымдық элементтерден құралады. Олар белгілі бір ұғым мазмұнына сай шоғырланып, «Ахмет бейнесі» концептілік жүйесін құрайды. Ақын шығармаларында  ақын бейнесін ашуда қолданылған тілдік бірліктерге концептілік талдау жасалынды. Сондай-ақ автор шығармаларындағы  «Ахмет бейнесі» концептісінің  берілу жолдарының өзіндік ерекшеліктері анықталды. Көркем мәтіндегі «Ахмет бейнесі» концептісін ашатын тілдік бірліктердің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнені сипаттайтын деректер жүйесі жинақталды. Мақаланың негізгі теориялық тұжырымдары  тіл білімінің жаңа бағыттары,  стилистика және тіл мәдениеті теориясын  толықтыруға  өзіндік үлес қосады деген ойдамыз. Сондай-ақ  зерттеудің нәтижелерін  жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған  когнитивтік лингвистика,  лингвомәдениеттаным сияқты пәндерді оқытуда, арнаулы семинарлар жүргізуде, сөздіктер құрастыруда пайдалануға болады. 

        Тірек сөздер:  поэзия, көркем мәтін, концепт, фрейм,  ұлттық дүниетаным, стреотип, өлеңнің идеясы, кейіпкердің бейнесі.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи