ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.023Кілт сөздер:
ұлттық болмыс, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, салт-сана, генетикалық код, өзіндік бет, ұлттық колорит, ұлттық мұрат, этнография, қазақ прозасыАннотация
Мақалада қазіргі қазақ прозасында көрініс тапқан ұлттық құндылық, ұлттық болмыс, ұлттық салт-дәстүр мәселесі кеңінен сөз болады. Зерттеу пәніне қазіргі қазақ прозасындағы туындылар сарапталып алынған. Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ прозасының ең басты ерекшелігі – бүгінге дейін жабық тақырыптар санатына жатқызылған бірқатар келелі мәселелерге жазушылардың батыл барып, өзіндік құнды ой айтумен ғана шектелмей, оқырмандардың рухани жан-дүниесіне қажетті дүниелерді көтере білуі деуге болады. Сан ғасырлардан бері тарих көшінің шаңына көміліп қалмай, жыл, ғасыр өткен сайын құны артып, ұлттық болмыс, ұлттық құндылық төрінен ойып тұрып өзіндік орнын алған салт-дәстүр, әдет-ғұрып дүниесіне де қаламгерлер бүгінде аса қамқорлықпен, құрметпен қарайды. Өйткені, олардың ұлттың ұлт болып өмір сүруі миссиясы мен мақсаты жолындағы қажеттілігін қалтқысыз түсінеді. Осы құндылықтардың қазіргі қазақ прозасындағы берілу, айтылу, талдану, насихатталу, таралу жолы мақалада танымдық, әлеуметтік әдіс, фреймдік модель арқылы талдау тиімдіпайдаланылады. Зерттеу қорытындысында дәстүр болмаған, сақталмаған жерде ешқандай тәртіп те, мақсат-мүдде де болмайтындығы байыпталады.
Зерттеудің өзектілігі – мұнда дәстүрдің шындап келгенде әрбір ұлттық өзіндік беті, мәдени ерекшелігі ғана емес, генетикалық коды екендігі нақты мысалдар негізінде дәлелденеді. Сонымен бірге, қазіргі қаламгерлер шығармашылығында ұлттық танымға негізделген тың, жаңа өрнек, тәсілдердің басымдығы зерттеу нысанына алынады. Жалпыадамзаттық құндылықтан бастау алған қазақ ғұрпының өзіндік өркениетін қалыптастыруда қабілетінің зор екендігі мақалада талданған кейіпкерлердің ұлттық болмысынан да айқын аңғарылып отырады. Авторлар зайырлы қоғам болған жерде руханият пен мәдениеттің де жоғары болуына өз кезегінде ұлттық ғұрыптардың ықпалы күшті екенін ашып көрсетуді мақсат еткен. Зерттеу нәтижесінде ғасырлар сынынан өткен ұлттық құндылықты сақтап қана қоймай, бүгінде оған қатысты айтылып, көтеріліп жүрген кертартпа, сыңаржақ көзқарастардан да арылудың қажеттілігі өмірлік оқиға, адам тағдыры арқылы сенімді дәйектелген.