«АҚЫН АРХЕТИПІ» ҰҒЫМЫН САРАЛАУ (АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.44.50.021Кілт сөздер:
архетип, ақын архетипі, ақын архетипі моделі, қазақ поэзиясы, Абай бейнесі, тұлға, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы, Абай тұлғасыАннотация
Мақалада Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылығының негізінде «ақын архетипі» ұғымы айқындалып, сараланады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – қазақ әдебиеттануында ақын архетипінің тууы мен қалыптасуын шынайы тұлғаның (әдеби емес) мысалында қарастыру. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты – әдебиеттанудың теориялық мәселелері. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – ақын архетипі ұғымының аясында бойындағы дара қасиеттерімен бірге символдық, архетиптік қасиеттерге ие ақынның (кемеңгердің) уақытқа бағынбайтын мәдениет парадигмасына сыйғызып тұрған танымал кемеңгер тұлғасы танылады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы ретінде «ақын архетипінің» алғаш рет қазақ әдебиетіне тән феномен ретінде танылғандығын және оның әлеуметтік және философиялық қазақ прозасының қалыптасуындағы рөлін анықтауды атауымызға болады. Өмірбаяндық мәліметтерді, сондай-ақ әдеби шығармалар мен философиялық трактаттарды талдау негізінде «ақын архетипі» анықталатын критерийлер тұжырымдалды. Зерттеу барысында алдымызда тұрған міндеттерге байланысты ғылыми талдаудың әртүрлі әдістерін басшылыққа алдық: тарихи-генетикалық әдіс – «ақын архетипі» феноменінің пайда болуын анықтауда, оның дамуын зерттеуде; тарихи және функционалдық әдіс – оқырмандардың «ақын архетипін» қабылдау ерекшеліктерін анықтауда және XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы сынға байланысты мәселені қарастыруда қолданылды. Салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі «ақын архетипін» өмірбаяндық мәліметтермен және шығармашылық «автомифпен» салыстыру кезінде қолданылды.
Мақаланы жоғары оқу орындарындағы «Абайтану» және «Қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері» пәндері бойынша дәрістер мен семинарларға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады, сондай-ақ зерттеу барысында ұсынылған ақын архетипі концепциясын жоғары оқу орындарында арнаулы курстар мен семинарларда жазушылар шығармашылығының рецепциясын бағалау мәселесінде қолдануға болады.