БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАР ҚАБЫЛДАУЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Kuzembayeva G. Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова
  • Матвеяс А.В.
  • Арыстанова А.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.008

Кілт сөздер:

баспа БАҚ, денсаулық сақтау лексикасы, COVID-19, пандемия, салыстырмалы талдау, қолдану жиілігі, қоғамдық қабылдау, көңіл-күйді талдау

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарындағы денсаулық сақтау лексикасын, оның COVID-19 пандемиясының басталуына дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі қолданылу жиілігін, сондай-ақ осы лексиканы қамтитын жаңалықтарды қоғамның қабылдауын зерттеу. Зерттеудің маңыздылығы оның COVID-19 пандемиясының адамдардың өміріне әсерін зерттеу және түсінудегі білімнің дамуына ықпал ететіндігімен расталады.

Зерттеу әдістемесіне газеттің жаңалық мақалалары мен Instagram парақшасына жазылушылардың пікірлерінің салыстырмалы, диахрондық және контенттік талдаулары кіреді. Денсаулық сақтау лексикасы бар жаңалықтарды қоғамдық қабылдаудағы өзгерістерді анықтау үшін газет оқырмандарының пікірлерінің көңіл-күйін өлшеуге арналған көңіл-күйді талдау Text Analyzer мобильді қосымшасы арқылы жүргізілді. «Диапазон» газетінен (Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы) таңдалған жаңалықтар корпусы екі топқа бөлінді: 1) 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында жарияланған (N=3494) және 2) 2020 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін жарияланған мақалалар (N = 4419).

Зерттеу екі кезеңдегі жаңалықтар мақалаларындағы денсаулық сақтау лексикасының жоғары жиілігін және 2020 жылдың наурыз айында денсаулық сақтау лексикасы бар мақалалар санының 640 мақала айырмашылығымен (12% өсім) жылдам өсуін анықтады. Мазмұнды талдау жеке лексикалық бірліктерді қолдануда айтарлықтай айырмашылықты көрсетті. 2019 және 2020 жылдары жарияланған мақалалардағы денсаулық сақтау лексикасының салыстырмалы талдауы жиі және сирек қолданылатын сөздерді анықтады. Парақша жазылушыларының денсаулық сақтау лексикасы бар мақалаларға жазған пікірлерінің көңіл-күйін талдау Ақтөбе облысы тұрғындарының пікірлерінің жалпы реңі мен полярлығын көрсетті. Екі кезеңде де денсаулыққа қатысты жаңалықтарға түсініктеме берудің жағымсыз реңктері тақырыптың эмоционалды маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу кезеңдерінде алаңдататын және жігерлендіретін жаңалықтарды сипаттайтын мақалаларда жағымсыз реңк жоғары болды.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи