Тайыр Жароков өлеңдеріндегі «табиғат» концептісі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.13.81.023Кілт сөздер:
концепті, лирикалық өлеңдер, ақын, табиғат көріністері, поэзия, тұлға, шығармалар, поэтикалық образАннотация
Бұл мақала Батыс өлкесінің белгілі ақыны Тайыр Жароковтың өлеңдеріндегі табиғат концептісіне арналады. Мақаланың мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік шығармашылық тұлғасымен даралана танылған, лириканың xac шебері Тайыр ақынның өлеңдеріндегі табиғат ұғымының берілуіне талдау жасау. Лингвокогнитивті аспекті тұрғысынан зерделеу нәтижесінде автордың индивидуалды дүниетанымын есепке ала отырып, табиғат концептісінің тілдік санасындағы лингвокогнитивті моделін ашуға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысы – көркемдегіш құралдар мен сипаттамалық әдістерді пайдалана отырып жүргізілді.
Зерттеу өзектілігі адам мен табиғаттың өзара қатынасын психологиялық бағалау сипатымен олардың эмоционалдық жай-күйінің жақындығымен байланысты табиғат ерекшелігін анықтау болып табылады. Табиғат концептісі шығарманың идеясын ашуға, образдардың сипатын толықтыруға қызмет етеді. Бұл суреттерден ақынның ой-толғанысының тереңдігі көрінеді. Ақын өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен шабыттана жырлады. Оның қай шығармаларын алсақ та, табиғат көрінісі шығармада көтерілген мәселеге, тартыстың сипатына, кейіпкерлердің адамшылық қалыптарына қатысты бейнеленеді. Мысалы, «Каспий» атты өлеңінде ақын теңіздің буырқанған келбетін оқырманның көз алдына алып келеді. Түн мезгіліндегі асқар таудың ұйықтап жатқан қас батырдың айбынды келбетіндегі жанды бейнесі ой-сезімге әсер етіп, оқырман қиялына қанат бітіреді.
Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы шығармадағы табиғат концептісін анықтайтын тілдік деректерге концептуалды, лингвомәдениеттанымдық талдау жасаудың маңыздылығын анықтау. Мақалада табиғат концептісінің жанрлық ерекшелігі көрсетілген. Зерттеу материалы ретінде әдебиетке келген алғашқы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін айналадағы табиғат көріністерін үздіксіз жырлап өткен Тайыр Жароковтың өлеңдерінен үзінділер алынды.
Зерттеу жұмысының соңында алынған нәтижелер қазақ өлеңі өрнегіне өзіндік өзгерістер әкеліп, табиғат суреттерін беруде едәуір шеберлік танытқан ақынның өлеңдерінде кездесетін табиғат концептісі ұғымы жан-жақты ашылып, нақты мысалдар арқылы дәйектелді.