ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СОМАТИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.23.18.011Кілт сөздер:
соматикалық лексика, соматикалық тіркес, дене мүшелері, әлемнің тілдік бейнесі, лингвомәдениеттану, фразеологизм, лексика-семантикалық өріс, семаАннотация
Қазіргі лингвистиканың тілдегі адам факторына тұрақты қызығушылығы соматикалық бірліктерді зерттеуге жүгінуден көрінеді, соматикалық лексика адам денесіне қатыстының барлығын өз семантикасына жинақтаған. Лексиканың ежелгі қабаттарының бірі бола отырып, соматизмдер кез-келген тілдің әмбебап лексикалық қорын құрайды және тұрақтылықпен, қолданудың жоғары жиілігімен және тармақталған семантикалық құрылымымен сипатталады. Соматизмдердің қоршаған әлемнің шындықтарымен кең байланысы дененің әртүрлі бөліктерінің қызметтерін таңбалауға, осы топтың лексемаларында бейнелі мағыналардың күрделі жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайды. Соматикалық лексика кез келген тілдің лексика-фразеологиялық қорының құнарлы да байырғы, сан жағынан мол, табиғаты күрделі құрамды болғандықтан жан-жақты талдауды талап етеді. Осыған байланысты адамның дене мүшесі ұйытқы болған соматикалық бірліктерді бөліп алып, оның тілдік табиғатын арнайы зерттеудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі соматизмдердің лексикалық-семантикалық ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу жұмысында Қазақ әдеби тілінің сөздігін дереккөз ретінде пайдалана отырып, қазақ тіліндегі соматизмдерге талдау жасалды. Зерттеу жұмысында материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар қазақ тілі лексикасының өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, қазақ лексикологиясының ғылыми тұрғыдан толыға түсуіне үлесін қосады. Зерттеуде алынған нәтижелер мен қорытындыларды жоғары оқу орындарының лексикология, фразеология бойынша өткізілетін курстарда, дәріс сабақтары мен семинарларда, сөздіктер жасауда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы эгоцентристік бағыттағы тілдік әмбебаптарға жататын соматизмдерді зерттеуге қазіргі лингвистиканың қызығушылығының және лингвомәдениеттану мен мәдениетаралық қарым-қатынас аясында соматикалық бірліктерді зерттеуге деген сұраныстың; тіл мамандарының әртүрлі ұлттық мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге және анықтауға қызығушылығының; сөз арқылы әр мәдениеттің өзіндік ерекшелігін анықтауға және терең түсінуге деген ұмтылысының артуымен байланысты анықталады. Зерттеу жұмысының өзектілігі, ең алдымен, тілдің лексика-семантикалық жүйесін жан-жақты қарастырудың жалпы бағытымен, лексикалық микрожүйелерді зерттеудің қазіргі таңдағы өзекті мәселелерімен ұштасып жатуынан көрінеді.