АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ ЖӘНЕ ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫ

Автор(лар)

  • Сегизбаева К.К. КазНУ им. Аль-Фараби
  • Сейтжанов З.Н.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.16.13.026

Кілт сөздер:

зар заман, толғау, әділдік, бірлік, сарын, үндестік, идея, құндылықтар

Аннотация

Шығыс Түркістан жеріндегі отандастар арасынан шыққан көрнекті ақын Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940) ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында Алтай - Қобда қазақтарының арасында өмір сүрген дарынды ақын, ислам дінін Шығыс Түркістан қазақтары ортасына уағыздаушы, белгілі теолог ғұлама. А. Үлімжіұлы Шыңжаң және Моңғолия қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі ғана емес, ол жас ұрпаққа білім мен ұлттық, имандылық тәрбие беруге атсалысқан ұстаз. Ақынның сонау заманда айтқан ақыл-кеңестік, насихаттық, ғибрат аларлық жыр-толғауларының бүгінгі күні де өзектілігі жойылған жоқ. Ақынның идеялары Қытай, Монғолия жеріндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық санасының, ой-пікірінің қалыптасуына үлкен ықпал етіп қана қоймай, қоғамдық-ұлттық қозғалыстарға дем беруші қару болды. Ол өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның қат-қабат шындығын өлеңдеріне өзек еткен. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруін, отаршылдықтың белең алуын, халықтың қатты күйзелгенін жырлаған Зар заман ақындарына Ақыт ақын да халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткері ретінде үн қосқан.

Мақалада Ақыт ақын өлеңдері мен зар заман ақындарының шығармашылығы арасындағы үндестік қарастырылады. Имманентті анализ элементтерін қолдана отырып Ақыт шығармаларына тарихи-әдеби талқылау жасалады. Ақынның әлеуметтік-идеологиялық ортасы тудырған тарихи-әдеби фактілер сипатталады. Бодандық бұғауына іліккен халық өмірінің шынайылығын бейнелеген Ақыт туындылары мен Шортанбай, Әбубәкір Кердері, Албан Асан Барманбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне салыстырмалы-салғастырмалы талдау ұсынылады. Зерттеу жұмысының мақсаты көне заманнан арна тартқан ақырзамандық сарынның зар заман ақындары шығармашылығымен бірге Ақыт Үлімжіұлының туындыларына да арқау болғанын дәлелдеу, үндестігін айқындау. Мақаланың ғылыми-практикалық маңызы заманның, адамның, табиғаттың азып-тозуымен шендестірілген отарлық саясаттың зар заман ақындарымен қатар Ақыт Үлімжіұлының да шығармашылығындағы көрінісі мен ықпалын жан-жақты талдауында.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи