ТІЛДІК СЕРІКТЕСПЕН БІРІГІП ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Сейдикенова А.С. КазНУ им.Аль-Фараби
  • Рахимова Ю.С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.020

Кілт сөздер:

мәдени хабардарлық, мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілік, тілдік құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, мәдениетаралық құзыреттілік, тілдік кедергі, тандем, тілдік серіктес

Аннотация

Мақалада мәдениетаралық қарым-қатынас  құзіреттілігінің құрамдас бөлігі және «мәдениетаралық коммуникация субъектісі» тұлғасын қалыптастыру шарттары қарастырылады.  Мәдениетаралық коммуникация МКҚ-ін қалыптастыруға ықпал етеді деп саналады.  Мақаланың мақсаты – басқа мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттесу жиілігі мен тілдік және коммуникациялық дағдыларды жақсарту, олардың  арасындағы байланысты қадағалау, сондай-ақ пилоттық эксперимент деректерін талдау.  Жұмыстың практикалық және ғылыми маңыздылығы ұсынылып отырған оқыту әдістемесіне негізделеді, ол табиғи тілдік ортаға енуге, МКҚ қалыптастыруға және мәдениетаралық қарым-қатынастағы қиындықтарды жеңуге ықпал етеді.  Мақалада социологиялық сауалнаманың нәтижелері берілген.  Зерттеуге Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдерден барлығы 235 адам қатысты. Сауалнаманың мақсаты: 1) респонденттердің ана тілінде сөйлейтіндермен қаншалықты жиі араласатынын және шет тілінде сөйлескенде өздерін қаншалықты сенімді сезінетінін анықтау; 2) тілдік серіктеспен (ана тілінде сөйлейтін) шет тілін практикалау/оқу МКҚ қалыптасуына қалай әсер етеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің шет тілін оқытудағы проблемаларын анықтады. Респонденттердің көпшілігінің ана тілінде сөйлейтіндермен ешқашан қарым-қатынас жасау тәжірибесі болмаған немесе өте сирек сөйлеседі және байланыс қажет болса, олар тілдік кедергілерге, қорқыныш және сенімсіздікке тап болатыны анықталды. Тілдік серіктеспен (ана тілінде сөйлейтін) оқыған респонденттер өздерін сенімді сезінеді, тілдік дағдылары мен мәдениет туралы білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар, мақалада тіл серіктесімен оқудың артықшылықтары туралы респонденттердің пікірлері талданып, ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи