ӘЙЕЛ МІНЕЗІ СИПАТЫ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.61.25.002Кілт сөздер:
мінез сипаты, әйел мінезі атаулары, лингвомәдениеттану, лингвомәдениеттанымдық негіздер, мінез атаулары, дүниетаным, мәдени және тілдік ерекшелік, тілдік сана.Аннотация
Мақала әйел мінезі сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерін іздеу, талдау, зерттеу бағытында жазылып, атаулардың қолданыста болуын және қолданыстан шығу тегін қарастырады.
Мақаланың мақсаты – әйел мінезі сипаты атауларының пайда болу, қолданысқа ену, таралу мәселелерін лингвомәдениеттану саласы негізінде саралау, атауларды нақты мысалдармен талдау. Негізгі бағыттары мен идеялары – мақаланың ғылыми-тәжірибелік сипатын және әйел мінезі сипаты атауларының дүниетанымдық, этнологиялық және мәдени аспектілерінің қазақ руханиятындағы орнын анықтау, лингвомәдениеттанымдық негіздерін талдау.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әйел мінезі сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерін анықтау арқылы тіл білімінің бүгінде көп зерттеліп қарастырылмаған лингвомәдениеттану саласының дамуына әсер етуі болса, практикалық маңыздылығы – қазақ тіліндегі әйел мінезі сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерінің зерттелуін саралай отырып, атауларды жағдаятқа байланысты, мағыналық реңкін жоймай, ұлттық тіл заңдылықтарына сай дұрыс қолданысқа енуіне үлес қосу.
Мақалада мінез атауларының мәдени және тілдік факторлармен үйлесімде пайда болуы негізін анықтау мақсатында ономастикалық, этимологиялық, семантикалық, лингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық салыстырмалы талдаулар жүргізілді. Өзге авторлар бұған дейін қарастырған, зерттеген жұмыстар теріске шығарылмай, керісінше сол зерттеу үлгілерін қолдану негізінде атаулардың бірнеше түрі мағынасына, қолданылу сипатына, шығу тарихына сай сараланды. Талдау барысында ұлттың мәдени, географиялық, этнографиялық ерекшеліктерін негізге алады.
Авторлар мақаланың негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындысында әйел мінезі сипаты атауларын лингвомәдениеттанымдық негіздері аспектісінде зерттеу әдісін, олардың көркем әдебиет, ғылыми мәтін және күнделікті қолданыстағы ауызекі сөйлеу ерекшелігіндегі көрінісін, мәдени сипатын, ұлттық дүниетанымға тән пайда болу жүйесін, шығу тарихы туралы зерттеуін отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми талдаулары, тұжырымдары арқылы дәлелдейді.
Мақаланың құндылығы және оның тіл білімінің лингвомәдениеттану саласына қосқан үлесі, ондағы зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы тіліміздегі әйел мінезі сипаты атауларының ауызекі тіл мен жазба әдебиеттегі қолданысын анықтап, мысалдармен талдау, қолдану жиілігіне қарай белсенді атауларды анықтауға, атаулардың этнонимдік мәнін ашып, саралауға, әрі теориялық анықтама тудыруды, тіліміздегі әйел мінездерінің атаулық мағынасын ұғынып, саналы түрде қолдануды жүзеге асыру.
Мақала қорытындысының практикалық маңызы – атаулардың бүгінде қолданыстан шыққан түрлері мен қолданыстағыларын салыстырып, олардың өз мағынасына сай жұмсалуын қалыптастыруды жүзеге асыру, халықтың тілдік мәдениетін дамыту.