ХХ ҒАСЫР КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНЫҢ ІЗДЕНІСТЕРІ МӘНМӘТІНІНДЕГІ КОНКОРДИЯ АНТАРОВАНЫҢ «ЕКІ ӨМІР» КІТАБЫ (Ақиқат іздеушілерге Әлем күштерінің ашық айтылған ойлары мен ескертулері)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.027Кілт сөздер:
көркем проза, мистика, рухани құндылықтар, ғарыш кеңістігі, ғалам туралы түсінік, философиялық-этикалық трактат, Ұстаз бейнесі, адамзаттың қамқоршысы бейнесі.Аннотация
Мақалада ХХ ғасыр теософтарының ғаламның құрылымы туралы түсінік беретін философиялық-этикалық трактаттың негізгі сипаттамаларына талдау жасалынады.
Мақала К.Е.Антарованың кітабы және К.Льюистің романдар циклі мысалында орыс-ағылшын әдеби және мәдени өзара әрекеттестігіне арналған.
ХХ ғасырдағы теософтардың ғалам құрылымы туралы тұжырымдамаларымен таңыстыратын философиялық-этикалық трактаттың негізгі сипаттамаларына талдау жасалынады. Автор зерттеу барысында К.Льюис пен К.Э.Антарованың әдеби-көркемдік концепцияларын салыстырмалы әдісті қолдану арқылы қарастырады.
Мақалада К.Льюистің негізгі идеялары нақтыланып сипатталған: Сөз ұғымы - ақпарат көзі ретінде, ғарыш ұғымы аспанмен алмастыру арқылы, интуитивті түсініктер идеясы т.б.
К.Е.Антарова әлемінің көркемдік кеіпінің айырмашылығы мынада: асқан білімге құштар іздемпаз ұмтылысының тазалығы, бақылаушы емес, көмекші болуы, ұстаздың үнемі жанында екенін есте сақтауы, қиындықтардан қорықпау қабілеттілігі, болып жатқан оқиғаға қатысу үшін жауапкершілік сезімінің болуы.
Мақала авторы шығармалардың нақты кейіпкерлерінің жақсылық пен зұлымдықтың дихотомиясын қарастыра отырып, ғалам сырларына талдау жасау арқылы, К.Е.Антарованың тұжырымдамаларының К.Льюистің күн жүйесіндегі планета аралық ұшуларынан айырмашылығы жер бетіңнде жүзеге асырылуында деген тұжырым жасайды.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы К.Е.Антарова мен К.Льюистің әдеби-көркемдік концепцияларының ерекшеліктерін, сонымен қатар 20 ғасырдағы философиялық-этикалық трактаттың сипаттамаларын ашуда.
Жұмыстың қорытындыларының практикалық маңызы зор, өйткені оларды мектепте және жоғары оқу орындарында орыс әдебиетінің тарихы мен теориясын оқытуда, семинарларда, арнайы курстарда және идиостиль мәселелерің зерттеуде қолдануға болады.