ТАЛАПТАН АХМЕТЖАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТІЛДІК ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.013Кілт сөздер:
тілдік тұлға, концепт, стиль, тілдік бірлік, метафора, эпитет, фразеологизм, мақал-мәтелАннотация
Мақалада Талаптан Ахметжанның «Сыңар қанатты көбелек», «Нобель сыйлығы» атты шығармаларында көріктеу амал-тәсілдерін шебер қолданудың тілдік көріністері, стильдік ерекшеліктері арқылы тілдік тұлғасы анықталады. Жазушының тілдік қолданыстағы ерекшеліктері мен концептуалдық жүйесі зерттелген. Шығармада қоршаған ортаға қатысты маңызды құбылыстар мен жағдаяттар арқылы бір ұлттың мәдениеті, нанымы, түсінігі, тәрбиесі, өмірге деген көзқарасы көрініс табады. Қалыптасқан наным-түсінік жазушы шығармасынан көрініс тауып, тілдік бірліктердің ерекше қолданыстары пайда болады.
Мақаланың негізгі мақсаты ретінде Талаптан Ахметжан шығармаларының тілдік ерекшеліктерін эпитет, мақал-мәтелдер мен метафоралардан мысалдармен ашу. Талаптан Ахметжанның көркемдік негізде салынған шығармалары нақты және жалпы тілдік құралдарды пайдалана отырып, ұлттық болмыстың санасын білдіреді.
Тіл болмысын осылай кеңінен танып, дүниенің жаңаша концептуалды бейнесін ашуға мүмкіндік беруі зерттеудің ғылыми құндылығын аша түседі. Жазушының стильдік ерекшелігін ашу мақсатында оның шығармаларында «метонимия» «метафора» сынды көркемдік құралдарды пайдалану арқылы талдау жасау когнитология саласын дамытуда маңызды болып саналады.
Зерттеуде ғылыми сипаттама, түсіндіру, концептуалдық талдау, салыстыру әдістері қолданылады.
Нәтижесінде жазушы стиліндегі «ар» концептісінің функционалды өрісіне қатысты тілдік бірліктер талданып, концептуалдық жүйе қарастырылды. Т. Ахметжан шығармаларындағы тіл қолданыс ерекшеліктері, концептуалды өріс мәселесі – когнитивті лингвистиканың жаңа қырларының ашылуына септігін тигізіп, практикалық маңыздылығын арттырады. Жазушының «Сыңар қанатты көбелек», «Нобель сыйлығы» шығармаларынан фразеологиялық тіркестер, метафоралар, метонимиялардың когнитивтік, мәдени-танымдық сипаты анықталды. Бұл лингвистикалық бірліктер автордың тілдік қолданысының ерекшелігін көрсетеді.