ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДИСКУРСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ВЕРБАЛДАНУЫ

Автор(лар)

  • Ә.Л. Кәкімжанова Әлихан Бөкейхан университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.007

Кілт сөздер:

аксиология, лингвоаксиология, ұлттық құндылық, аксиологема, дискурс, мәтін, когнитивтік лингвистика, таным, концепт, дүниенің тілдік бейнесі

Аннотация

Бұл мақалада Шәкәрім шығармаларындағы ұлттық-мәдени  құндылықтар лингвоаксиологиялық бағытта зерттелген. Бұл бағыттың мақсаты – тілдік тұлғаның ішкі әлемін танудың әдісі мен технологиясын анықтау, тілдік мәліметтер арқылы тұлға мен қоғамның құндылыққа деген көзқарасын зерттеу. Ғылыми зерттеуде көзделетін мақсат -  Шәкәрім шығармаларын лингвоаксиологиялық тұрғыда зерттеу, ақын шығармаларындағы ұлттық-мәдени құндылықтардың вербалдануына талдау жасау, лингвистикалық аксиологиялық талдау жүргізіп, әлемнің тілдік суретінде аксиологиялық аспектілерді айқындау.

Зерттеу барысында теориялық материалды зерделеу және жүйелеу, талдаудың, синтездің және дедукцияның жалпы ғылыми әдістері қолданылды.

Зерттеуде поэзия тіліндегі ұлттық құндылықтардың концептілік жүйесі лингвоаксиологиялық бағытта және когнитивтік тәсіл арқылы қарастырылады.

Мақалада қазақтың белгілі ақыны Шәкәрім шығармаларындағы рухани құндылықтарды білдіретін аксиологемаларға лингвистикалық аксиологиялық талдау жүргізіліп, әлемнің тілдік суретінде аксиологиялық аспектілер айқындалды. Шәкәрім өлеңдеріндегі аксиологемаларға лингвомәдениеттанымдық талдаулар жасалады. Сондай ақ, Шәкәрім дискурсындағы тілдік бірліктердің қолданысын лингвоаксиологиялық аспектіде қарастыру арқылы әлемнің тілдік суретінде аксиологиялық аспектілерді анықтауға болады деген тұжырым жасалады.  Автор Шәкәрім дискурсында жаңа мазмұндағы өлеңдік өрнектер мен келісті суреттеулер оқырман бойына рухани құндылықтарды сіңіруге қызмет етіп,  ұлттың рухани әлемін жаңа бір сатыға көтерген  деген қорытындыға келеді.

Мақаланың ғылыми және практикалық маңызы ұлттық құндылықтардың поэзиялық шығармаларда тілдік бірліктер арқылы берілу жолдарын зерттеуден көрінеді. Зерттеу нәтижелері «Лингвоаксиология», «Лингвомәдениеттану», «Когнитивті лингвистика» салалары бойынша зерттеулерге қосылған үлес болып саналады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи