ҚЫТАЙ- ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ

Автор(лар)

  • Джелдыбаева Р.Б. КазУМО иМЯ им.Абылай хана
  • Турсынали Ж.
  • Досымбекова Р.О.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.003

Кілт сөздер:

қытай тілі, қазақ тілі, антропоним, гендер, иероглиф, морфограмма, мәдениет, лексика, лингвомәдени

Аннотация

Лингвистиканың ең үлкен тармағының бірі – ономастика, біздің қарастырып отырған тақырыбымыз – соның ішіндегі антропонимдер. Антропонимдер – әр халықтың мәдениетімен, дүниетанымымен, жасаған ортасымен, наным-сенімімен қалыптасқан ұлттық этномәдени ерекшелігінің көрінісі. Антропонимдерді әр ұлттың тарихы мен мәдениеті, дүниетанымымен байланыстыра қарастыру олардың жасалу табиғатын ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының мақсаты этномәдени деректерге сүйене отырып, қытай және қазақ тілдеріндегі кісі есімдеріне лингвомәдени және лингвокогнитивтік талдау жасап, қытай және қазақ халықтарының есім беру дәстүрін, олардың дүниетанымымен, мәдениетімен, тарихымен байланысын анықтау болып табылады. Сонымен қатар, кісі есімдерінің гендерлік сипатын ашу арқылы екі халықтың ұлттық сана құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салғастыра зерттеу.

Жалқы есімдеp – кез келген тілдің лексикасында өзіндік орны бар тілдік бірліктер. Олаpсыз адамдар бір-бірімен қаpым-қатынас жасай алмайды. Сондықтан да қытай және қазақ тілдеріндегі жалқы есімдерге қатысты деректерге шолу жасалып, зерттеу материалдарына салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасалды.

Антропонимдердің құрылымы мен құрамы, мағынасы, олардың айырмашылықтары мен қалыптасуы сол халықтың қоғамдық, танымдық ерекшеліктерін тануға жол ашатыны сөзсіз. Мақалада қытай және қазақ тілдеріндегі антропонимдердің ұлттық мәдени ерекшеліктерін салыстыра-салғастыра зерттеу әдісі арқылы ашуға талпыныс жасалды.

Зерттеу нәтижесінде қытай есімдерін жазуда қолданылатын иероглифтердің құрылымы мен құрамы, мән-мағынасы қытай халқының дүниетанымы, салт-дәстүрі мен мәдениетінің бір көрінісі екендігі, қытай антропонимдерінің гендерлік сипаты есімдерді жазатын иероглифтер арқылы берілетіндігі де анықталды. Жұмыста қытай есімдерін жазуда қолданылатын кейбір иероглифтердің мән-мағынасы ашылып көрсетілді және оларға лингвомәдени талдау жасалды. Қазақ антропонимдерінің гендерлік сипаты, ұлттық лингвомәдени ерекшелігі мен дүниетанымы есімдерді құрайтын сөздер мен морфемалардың лексикалық мән-мағынасына байланысты айқындалатындығы ескеріліп, қазақ есімдеріне лексикалық, этнолингвистикалық талдау жасалды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы да осында.

Зерттеу қорытындысы бойынша қытай тіліндегі ерлер мен әйелдер есімінің мән-мағынасы мен гендерлік ерекшеліктері оларды жазуда қолданылатын иероглифтер және олардың құрамымен (иероглифтердің құрамдас бөліктері) қатысты екендігі анықталды, ал қазақ есімдерін құрайтын сөздер мен морфемалардың лексикалық мән-мағынасының гендерлік сипаты айқындалды.

Зерттеу нәтижелері қытай және қазақ тілдерін ономастикалық бағытта салғастыра зерттеп жүрген докторанттар мен магистранттарға бағыт-бағдар береді. 

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи