ҒЫЛЫМИ МӘТІННІҢ ЛИНГВОСТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор(лар)

  • А.К. Кожахмет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.О. Сыздыкова
  • Б.Т. Бегалаев

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.011

Кілт сөздер:

ғылыми мәтін, функционалды стильдер, ғылыми стиль, ғылыми дискурс, ғылыми ақпарат, терминдер, окказионализмдер, ғылыми коммуникация

Аннотация

Ғылыми мәтіннің мазмұндық, стильдік және құрылымдық жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі ғылыми мәтінді жазуда грамматикалық және стильдік тұрғыда көптеген талаптар қатаң орындалады. Ғылыми мәтінге объективтілік, логикалылық, нақтылық және ақпараттылық тән екені белгілі. Аталған белгілер тілдік бірліктердің қолданысынан көрінеді. Ғылыми мәтінге тән талаптарды сақтай отырып жазылған мәтін ғана ғылыми сипатқа ие болады. Мәтінді ғылыми сипатқа жеткізетін ол тілдік бірліктер.

Қазіргі таңда ғылыми мәтінді жазуға қатысты қызығушылық танытатындар саны өте көп. Бұл мақала көпшіліктің сұранысын қанағаттандырады деген ойдамыз. Ғылыми коммуникацияның негізгі нысаны ғылыми мәтін болғандықтан, ғылыми мәтіннің лингвостилистикалық ерекшеліктерін білген дұрыс. Сол себепті ғылыми мәтінді сауатты жазу үшін оған тиесілі талаптарды білген абзал. Мақаланың практикалық  маңыздылығы осыда.

Бұл мақала ғылыми мәтіннің лингвостилистикалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталып жазылған.

Мақаланы жазу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми мәтін мен ғылыми стильге қатысты тұжырымдары негіз алынды. Ғалымдардың тұжырымдары арқылы талдаулар жүргізілді. Мақалада Қ. Жұбановтың ғылыми мәтініне лингвостилистикалық талдау жүргізу арқылы нәтижеге қол жеткізілді. Мақаланың ғылыми   маңыздылығы осыда. Қ. Жұбановтың ғылыми мәтінінің лингвостилистикалық ерекшеліктерін таныту мақаланың жаңалығы да болып табылады.  Ғылыми мәтінді талдауда бақылау, жинақтау, талдау сынды әдістер қолданылып, зерттеу жұмысының қорытындысы жазылды.

Бұл тақырып лингвистика саласы үшін құнды. Себебі соңғы жылдары ғылым, ғылым тілі мен ғылымның дамуы аса өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Оған елімізде болып жатқан көптеген жаңа реформалар дәлел. Осы мәселелерді ескере отырып, ғылыми мәтіннің лингвостилистикалық ерекшелігін зерттеу маңызды деп есептейміз.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи