ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ МЕДИЦИНА ТЕРМИНДЕРІНІҢ ЖАСАЛУЫ ЖӘНЕ АУДАРЫЛУЫ

Автор(лар)

  • Р.О. Досымбекова КазНУ им. аль-Фараби
  • Р.Б. Джельдыбаева
  • А. Нұржаубек
  • А.Р. Ибраимова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.019

Кілт сөздер:

қытай тілі, медицина термині, компонент, қытай медицинасы, сөзжасам, семантикалық әдіс, аударма, аффикс, суффикс

Аннотация

Бұл мақалада қытай тіліндегі сөзжасам және аударма мәселелері, оның ішінде қытай тіліндегі медициналық терминдердің жасалу жолдары және оларды қазақ тіліне аудару барысында кездесетін қиындықтар баяндалады. Сонымен бірге қытай тілінің терминологиясына қатысты сөзжасамның негізгі әдістері қарастырылып, сөзжасамдағы грамматикалық байланыстың түрлері сараланады. Лексикалық кешен компоненттерінің арасындағы грамматикалық байланыстардың бес типі атап көрсетіліп, олардың әрқайсысы жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді.

Қазіргі қытай тілі сөзжасам жүйесінде аффиксация арқылы сөз жасау ең көп қолданылатын әдіс түрі. Сонымен қатар аффикстерді негізгі морфемаларға біріктіруші  тәсіл саналады. Мақалада терминжасамдағы аффикстердің рөлі жіктелді, термин сөздердің бірігуі арқылы қытай медицинасы саласына ену жолдары анықталып, жеке-жеке мысалдар келтірілді. Медициналық терминдердің жасалуы мен аударылуына байланысты келтірілген мысалдардың барлығы дерлік күрделі сөздерден, қыcқартылған сөздерден тұрады.

Бүгінгі таңда медицинаның адам денсаулығы мен өмірі үшін маңыздылығына байланысты зерттеуді қажет ететін ғылымдардың қатарында. Адам денсаулығына қатысты материалдар кез келген елдің экономикалық және саяси жағдайына қарамастан өзекті болып табылады. Медициналық терминологияны аударғанда маман осы салаға қатысты бірқатар сөзжасамдық ерекшеліктерді біліп, ескеруі қажет. Медициналық терминдердің номинациясын және аудармасын зерттеу көптеген қолданбалы мәселелерді шешуге ықпал ете отырып, сапалы аударма жасауға ықпал етеді.

Медицина лексикасы жайлы зерттелген еңбектер жеткілікті. Дегенмен, біздің мақсатымыз – терминдер мен лексикалық бірліктерді және олардың семантикасын, жасалу түрлерін сауатты меңгеру. Сондықтан зерттеу барысында жиналған тұжырымдамалар мен нәтижелер терминжасамның ең өнімді тәсілдері мен әдістерін анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысында қытай тіліндегі медицина терминдерінің этимологиялық және семантикалық аспекттері, морфологиялық және синтаксистік құрылымы қарастырылды. Жұмыс барысында айтылған тұжырымдар аударма процесін жеңілдетуге септігін тигізеді.

Зерттеу нәтижелері  қытай тілі медицина терминологиясын, қытай тілі филологиясы және аударма саласын зерттеуші мамандарға пайдасын тигізеді. Сонымен қатар,  жоғарғы оқу орындарының  «шетел филoлoгиясы (шығыс тілдері)» және «aудaрмa ісі (шығыс тілдері)», «шығыстану» мaмaндықтaрының студенттері және қытай тілі оқытушыларына арналған.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи