ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКА: ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР

Автор(лар)

  • Қоянбекова С.Б. UNIVERSITY
  • Үдербаев А.Ж.
  • Зиядаұлы Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.007

Кілт сөздер:

экспрессивті стилистика, психолингвистика, ұлттық психология, ұлттық парадигмалар, коммуникация, лингвостилистика, сөз мәдениеті, эмоционалды бағалауыштық категориялар

Аннотация

Мақаланың мақсаты қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының ұлттық танымдарға бейімделген ақыл-ой өрісінің пайымдаулармен тоғыстырылуындағы функционалдық, құрылымдық трансформациалануы, кумулятивтік, концептуалдық мәнін анықтау. Тілдегі экспрессивтік әлеует ұлттық төлтума қасиет-сапалар ұрпақ жалғастығымен дамытылатыны зерттеліп келеді. Алайда, экспрессивтілік құбылысы ұлт болмысынан туындайтын тіл табиғатын анықтап, ұлттық психология парадигмаларын құрайтын мәселелер әлі де жан-жақты қарастыруды талап етеді. Ұлттық мінез-құлық, сезім, іс-әрекетте көрініс алатын психологиялық заңдылықтар ғасырлар бойы дамытылып, интеграциялық мақсатта  талдау үрдісі жалғасуда. Сондықтан, тіліміздегі экспрессивтілік бейнелеу, бағалау тілдік құралдары коммуникативтік қарым-қатынас жасаушылардың белсенді сезім-күй әрекеттері ойды көркемдеп, өрнекті қолданылуын қарастыратын өзекті сала болуымен айқындалатындықтан, тілімізде біршама қиындықтар туындататын түбегейлі мәселелер жүйелі зерттеуді қажет етеді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы да осында.

Зерттеу барысында философияның танымдық теориясы мен диалектикалық логика, психолинвистикадағы тіл мен сөйлеуді сабақтастыратын теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. Мақаланың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда ғылыми пайымдаулар, диахронды, тарихи, салыстырмалы, синхронды, салыстыру, сипаттау, талдау, модельдеу әдістері қолданылды. Мақалада ұлттық тіліміздегі эмоционалды, бейнелеуіш бағалаудағы лексикалық бірліктер экспрессивтік қызметке бағытталатындықтан, психолингвистикамен тығыз байланыста қарастырылды. Психолингвистикалық зерттеулер сөз бен сөйлем құрылымын анықтауда жиі кездесетін ұғымдардың тіліміздегі қолданылу маңыздылығын анықтап, тұрақты ақпарат алмасуда мінез-құлықтың сипатын толықтырып, психолингвистикалық үдерістердің негізі туралы тікелей ақпарат береді. Жалпы тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен субъективті қарым-қатынасын жеткізетін көп деңгейлі құрал. Адамның эмоционалдық сезімін жеткізудегі эстетикалық табиғаты экспрессивтік қызметімен ұштастықтағы тұжырымдар жан-жақты дамытылып, ұлттық психологиялық парадигмалар тұрғысынан зерттеудің өзектілігін танытады. Сонымен қатар, белгілі бір ұлттың қажеттілігін бейнелейтін лингвостилистикалық зерттеулердің аясын кеңейтіп дамытады. Сондықтан, психолингвистика саласын ұлттық парадигмалардың мәдени арақатынасын кешенді зерделейтін ғылым деп анықтауымызға болады. Алынған нәтижелерді «Шешендік өнер», «Қазақ тілі стилистикасы», «Көркем әдебиет стилистикасы», «Сөз мәдениеті» пәндерінен оқылатын теориялық дәрістер мен арнайы курстарда, болашақ ғылыми ізденістерде қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи