КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ИЛАНДЫРУ КОММУНИКАЦИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.001Кілт сөздер:
когнитивті маркетинг, кәсіпкерлік, кәсіпорын атауы, иландыру коммуникациясы, когнитивті-психологиялық әсер, коммуникативтік әсер, бұқаралық ақпарат құралдары, бренд атауыАннотация
Жарнама дайындау қоғамдық өмірдің қарқынды дамыған салаларының біріне айналды. Инстаграм, тикток, әлеуметтік ғаламтор желісінің барлығы дерлік тауар жарнамалауда жаңа өзгерістер енгізуде. Оған жауапты маркетолог мамандар болса, тұтынушысы – қарапайым халық. Елімізде кішігірім бизнес иелері ғаламтор желісінің жұмысын белсенді пайдалануға тырысады. Басты себеп медиакоммуникация арқылы таралатын жаңалықтың жылдамдығы мен нәтижесі өзге тәсілдерге қарағанда әлдеқайда жеңіл болуында. Кез-келген өнімнің жарнамасын мақсатты аудитория назарына еркін ұсынуға мүмкіндік береді. Дегенмен, әрбір кәсіпті тұтынушыға дәстүрлі түрде таныстырудың жолы бар. Көше бойында ашылып жатқан жаңа қоғамдық орындардың атауы соның айғағы. Бұл мақаланың басты мақсаты тағам әзірлеуші мекемелердің атауларын талдап, ондағы иландыру коммуникациясының міндеті қаншалықты нәтижелі жүзеге асқанын анықтау. Лингвопрагматиканың дискурстық талдау және салыстырмалы талдау тәсілдерін қолдану арқылы жүргізілген бұл сараптама әлеуметтік ортаны құраушы мақсатты аудиторияның когнитивті-психологиялық санасына әсер етер қоғамдық орынның қайсы бір атауы ұтымды және керісінше екенін анықтауға негізделген. Медиакоммуникация саласын жарнамалық иландыру қырынан әлеуметтік мекеменің атауын талдай отырып қарастыру бұл мақаланың ғылыми жаңалығы болып табылады. Жаңа бағыттарының бірі ретінде дамып келе жатқан когнитивті маркетинг саласы аталмыш мәселені қоғамдық орынның атын құраушы маркетолог маман тарапынан және оны ақпарат ретінде қабылдаушы тұтынушы тарапынан екіжақты қарастырып, иландыру коммуникациясының мақсатына жету жолын медиаадресаттың пост-коммуникативтік әрекетінен айқындайды. Тұлға қажеттілігін қанағаттандырушы кез-келген өнімнің өзіне тән бәсекелестерінің болуы заңдылық. Алайда, мекеме атауының тапқырлығы сол, ол өз аудиториясын бір сөздік жарнамамен жинай алады. Демек, ұтымды атау беру кәсіпкер ісінде ең алғашқы және ең басты қадам екені анықталды.