МӘТІН МЕН СӨЙЛЕМДЕГІ СИНТАГМАЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Автор(лар)

  • Беркинбаева Г.О. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
  • Салпебаева С.Т.
  • Алтынбаева К.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.004%20

Кілт сөздер:

синтагма, мәтін, сөйлем, құрылым, грамматика, синтагматикалық қарым-қатынас, сөйлеу бірлігі, синтагматикалық сөйлеу құрылымы

Аннотация

Мақалада синтагманың лингвистикадағы рөлі және мәтіндегі, сөйлемдегі қызметі туралы мәселе қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – мәтіндегі, сөйлемдегі синтагманың атқаратын қызметін анықтау.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – мәтінді қалыптастыру, оның құрылымы мен қабылдау үдерісіндегі сөз, сөйлем және синтагма рөлінің анықталуы.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы – сөз теориясы мен сөйлеу практикасының дамуына маңызды және синтагма туралы білім қай сөздер құрылымдық-мағыналық топтармен сәкес келетінін, сөйлемнің мағыналық, интонациялық, грамматикалық жағынан дұрыс құрылуын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл синтаксистік талдау жасауда, оқытуда күрделі мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.

Мақалада құрылымдық-функционалдық, эмпирикалық және теориялық деңгейлердің әдістері, сондай-ақ сипаттамалық, типологиялық және салыстырмалы-тарихи, бақылау, эксперимент, жалпылау әдістер де қолданылды.

Зерттеудің нәтижелері синтагмада берілген сөздер тобы белгілі бір сөйлеу жағдаятымен корреляцияланып, ситуациялық мазмұнға ие болатыны, ал жазбаша түрде интонациялық және интенционалды нұсқаларда көрініс табатыны анықталды.

Зерттеудің құндылығы – тіл білімінің салаларына, оның ішінде құрылымдық грамматика, қазақ тілін оқытуда, педагогикаға қосатын үлесі мол.  

Зерттеу қорытындысының практикалық маңызы – құрылымдық грамматика, қазақ тілін оқытудың нәтижелі болуына ақпараттық, коммуникативтік проблемаларды шешуге ықпал ететіндігі айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи