“ШЕЖІРЕ-И ТЕРАКИМЕ” ЕҢБЕГІНДЕГІ МОҢҒОЛ ТІЛДІК ҚАБАТЫ

Автор(лар)

  • К.К. Кенжалин Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д.А. Балтабай

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.009

Кілт сөздер:

түркі-моңғол тілдері, тарихи лексикология, лексикалық қабат, семантика, моңғолизм, "Шежіре-и теракиме", алтай тілдері, Алтай тілдері теориясы, салыстырмалы-тарихи әдіс

Аннотация

Түркі-моңғол тілдеріне ортақ сөздердің пайда болуы, қалыптасу және даму кезеңдері туралы көптеген ғылыми зерттеулер гипотезалық деңгейде екені белгілі. Соған қарамастан, ғасырлар бойғы тарихи-мәдени, географиялық байланыс түркі және моңғол тілдерінде ортақ лексикалық бірліктердің пайда болуына себеп болды. Бұл мақалада моңғолизмнің лингвистикалық ерекшеліктері "Шежіре-теракиме" тарихи шығармасының материалында қарастырылып, олардың түркі және моңғол тілдерінде қолданылуы зерттеліп, олардың семантикалық табиғаты сипатталған. Зерттеу сонымен қатар шағатай тіліндегі тарихи еңбектің лексикалық қабаты мен моңғол тілдері арасындағы ортақтықтың салыстырмалы талдауын көрсетті. Моңғолизм ретінде қарастырылатын аймақ, құрылтай, шешен, нукер, олжа, мерген сөздеріне лексикалық-семантикалық талдау жүргізілді.

Зерттеу мақалада қазақ тіліндегі аймақ сөзі моңғолдың аймаг (әкімшілік бөлініс) сөзінен шыққандығы, құрылтай сөзі құр- етістігінен жасалғандығы, шешен сөзі моңғолдың шеш, чеч, сәс, цәс, цәц түбірлерінен тарайтыны, нөкер сөзі моңғол тіліндегі нөхөр (жолдас, дос) сөзімен сәйкес келетіндігі, олжа сөзі моңғол тіліндегі олжа, олбор, олз (олжа, табыс) сөздерінен тарағандығы, қазақ тіліндегі мерген сөзі моңғол тіліндегі  мэргэн (мерген) түбірінен шыққандығы ғылыми тұрғыда зерделенеді. Талданған сөздерінің түркі-моңғол тілдеріндегі афоризмдерде қолданылуы мақаланың практикалық мазмұнын аңғартады. Түркі тілдеріндегі моңғолизмдердің этимологиясын анықтау, семантикалық ерекшеліктерін саралау зерттеу жұмысының негізгі міндеттері болып табылады. Соның негізінде зерттеу мақалада аталған моңғолизмдердің фонетикалық өзгерістеріне, морфологиялық құрылымына, семантикалық ерекшеліктеріне, этимологиялық сипатына назар аударылып, оларға лингвистикалық аспектіде біршама талдаулар жасалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи