ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ОҢТАЙЛЫ НҰСҚАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.006Кілт сөздер:
графема, фонема, латиница, төте жазу, қазақ әліпбиі, емле, орфоэпия, кірме сөздерАннотация
Соңғы онжылдықтарда қазақ ғалымдары латын графикасына оралу хақында мәселені бірнеше рет талқылап, жазба реформасын қажет ететін дәлелдерді ортаға салды. Кириллик жазулатын әліпбиінен гөрі түркі сөздерінің дыбысталуын дұрыс көрсету потенциалына едәуір жол береді деген сенім негізінде қарама-қарсы пікірлер де айтылды [1, c. 183]. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы” Жарлығы (2017) жарияланғаннан соң аталмыш тақырып бойынша ғылыми дау түгесті де енді бірінші орынға түркі фонетикасына сәйкес латын әліпбиінің оңтайлы нұсқасын әзірлеу мәселесі шықты.
Бұл жұмыстың өзектілігі латын әліпбиінің оңтайлы нұсқасын және сөздерді жазудың фонематикалық принципіне негізделген емле ережелерін әзірлеу қажеттілігімен анықталады. Ғылыми маңыздылығы жаңа әліпбиді әзірлеу проблемасын жариялау, қазақ тіліне арналған латын әліпбиінің бұрын ұсынылған нұсқаларында жіберілген қателіктерді анықтау және ғылыми мақаланың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіснаманы қолдану болып табылады. Оның практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін ұлттық графикалық жүйенің ең қолайлы нұсқасын таңдау және бекіту кезінде қолдануға болатындығымен анықталады.
Графикалық жүйені реформалау мәселесіне арналған мақалада контрастив, компаратив және фонематик транскрипциялау әдістері қолданылды. Араб, латын алфавиттері мен кириллица таңбаларын, сондай-ақ қазіргі уақытта ұсынылған латын әліпбиінің варианттарын қолдана отырып, қазақ сөздерін жазу мысалдары қарастырылды.
Мақалада Антуан Арно мен Клод Ланслоның «Пор-Ройалдың жалпы және рационалды грамматикасы» (1660) грамматикалық тұжырымдамасын ескере отырып, жазу жүйесін реформалау мәселесін шешу ұсынылады, жаңа әліпбиді жасау кезінде «бір фонема – бір әріптік белгі» қағидасын ұстану керек. Кейбір отандық филологтардың осы принципке қайшы келетін ұсыныстарына назар аударылды. Мәселен, олар жаңа әліпбиге /ıy/, /iy/, /uw/, /üw/ қос дыбыстарды белгілейтін графемаларды енгізу, е әрпін /е/ фонеманы және /уе/ тіркесімі белгілеу үшін қолдану керек деп пікірлерін білдірген.
Aвторлар қазақ жазуын реформалау кезінде әліпбиге ä, ñ, q, w, x әріптерін қосумен латын әліпбиінің түрік нұсқасын қолдану ұсынысы оңтайлы деп есептейді және сөз-интернационализмдерде кездесетін /ts/ аффрикатасын белгілеу үшін с әріпін қолдану қажет деп санайды.