КОГНИТИВТІК МЕТАФОРАНЫҢ ЛИНГВОТАНЫМДЫҚ ӘЛЕУЕТІ (ономастикалық материалдар негізінде)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.012Кілт сөздер:
когнитивтік метафора, ономастика, топоним, мифоним, этномәдени ақпарат, метафоралық аталым, географиялық терминдер, соматикалық метафораларАннотация
Мақаланың мақсаты – қазақ ономастикалық атауларының номинациясындағы когнитивтік метафора феномені мен оның лингвотанымдық әлеуетін айқындау және мәдени репрезентативтілігі жоғары тілдік категория екендігін көрсету. Ұлттық топонимдердің мазмұндық межесінде халықтық көптеген этномәдени білімдер жүйесі мен ақпараттар шоғырланған. Когнитивтік метафораның түрлері мен іргелі сипаттары мен топоним жасауға қатысатын метафоралық аталым механизмі дәйектеледі. Сондай ақ метафораның когнитивтік санада топонимдік атаулардың жасалуының концептуалдану механизмі мен этномәдени ерекшеліктері сөз болады. Метафораның лингвотанымдық әлеуеті соматикалық атаулардан жасалған географиялық терминдер мен тұрмыстық зат атауларының қатысуымен жоғары белсенділікке ие екендігі дәйектелетіндігі зерттеудің жаңалығын айқындайды. Мифоним семантикасындағы кодқа салынған имплицитті ақпарат аксиологиялық мазмұнға ие, халықтың моральдық-этикалық құндылықтар мен антиқұндылықтардан хабардар ететіндігі туралы тұжырымдар лингвокогнитология, когнитивтік ономастика, ұлттық ономастикалық ғылымның теориялық базасын кеңейте түседі. Топонимдік атау жасау барысында когнитивтік метафораның концептуалдану ерекшеліктері арнайы когнитивтік құрылымдар (фрейм, субфрейм, слот) арқылы құрылымдалатындығы нақты мысалдармен көрсетілгендігі зерттеу тақырыбының құндылығы мен зерттеу әдістерін айқындайды. Метафоралау әдісінің ономастиканың өзге де сала атауларын зерттеуде, олардың семантикалық өзегінде, концептуалдық-ассоциативтік өрісінде шоғырланған, кодталған мәдени ақпараттарды, халықтық білімдерді айқындауға, қолжетімді етуге ықпалы зор, болашағы бар бағыт екендігі жөнінде қорытынды жасалды.
Зерттеуде концептуалдық компоненттік талдау, когнитивтік модельдеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер когнитивтік метафора арқылы жасалған ономастикалық атаулардың концептуалды семантикасын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесін лингвомәдениеттану, когнитивтік ономастика курстарында, практикада Қазақ тілінің ұлттық корпусының ономастикалық ішкорпусындағы ономастикалық бірліктердің этномәдени семантикасын айқындауға, жалпы мәдени репрезентативті ішкорпустарды әзірлеуде қолдануға болады, сондай ақ лингвомәдениеттану, когнитивтік ономастика арнайы курстарындағы дәрістерде қолдануға болады.